Сынақтың сыры
Е
гер барлық нәрсе Оған жүз бұрып, қол жаюмен
реттеліп кете беретін болса, онда неге Алла Тағала
бізге сынақтарды бірінен соң бірін беріп сынайды?
Сынақтардың негізгі мақсаты – ол сенің қаржылай
болсын, мейлі рухани тұрғыда болсын Аллаға мұқтаж
екеніңді көрсету. Сондай кезде Аллаға жүгінсең, бұрын
мүмкін емес болған нәрселер оңай болып көрінеді
және өзіңді Алланың сүйікті құлдарының біріндей
сезінесің. Өйткені Аллаға жүгіну алдыңдағы барлық
есіктерді ашады. Егер бір нәрсеге мұқтаж болып
Аллаға бет бұратын болсаң, Ол сені басыңа түскен
барлық ауыртпашылықтардан құтқарады, демек енді
туралыққа бет бұрдың деген сөз.
«Өзіне дұға етіп қысылған жанның дұға-
тілегін қабыл алып, оны басына түскен
ауыртпалықтан құтқаратын, сендерді
жер бетінің халифалары еткен...» [27:62].
iqup
МҮМКІНДІК
160
Алла Тағала біздің әлденеге мұқтаж болатынымызды
білгендіктен ғана жер жүзіне халифа еткен. Өте
қарапайым формула: мұқтаж боласың, артынша дұға
етесің. Көп жағдайда адамдар бір нәрсеге мұқтаж
болғанда Алладан емес басқалардан сұрайды, ең әуелі
біз Аллаға мұқтаж екенімізді түсінуіміз керек. Міне,
осылайша адам өзі мұқтаж болған нәрседен мақрұм
қалады.
Намаздағы ифтитах тәкбірі де (Алла Ұлы) қиындыққа
тап болған кезде өзгеше әсерге енеді. Ол жер бетінде
мейлінше бәсең дауыспен айтылғанымен, аспан
әлемінде ол айрықша мәртебеге һәм үнге ие.
Сынақ дегеніміз – бізді Аллаға жүгіндіріп, өзіміздің
қандай әлсіз екенімізді еске түсіретін нәрсе. Бірақ
сынақ берілмеген шақтарда әлсіз жаратылыс екенімізді
сезіне бермеуіміз мүмкін. Пәни жалған мен адамдар
қандай болмасын кез келген жағдайда Аллаға тәуекел
ет, себебі, Алла – барлық нәрсеге күші жетуші.
Аста-төк нығметке толы өмірдегі Алланың
ұлықтығын сынақтарсыз түсіне алар ма едік? Оянған
кезде көзіміз көреді, құлағымыз естиді, аяқтарымыз
жүріп тұрады, басымызға төнген ешқандай қауіп жоқ
алаңсыз сол күнге бастаймыз. Үздіксіз беріліп жатқан
барлық нығметтер кейде бізді Алланың ұлылығынан
ғапілеттікте қалдырады. Осыдан соң біреу келіп «қалың
қалай?» деп сұраса қалайша нашар, мүшкіл деп айтуға
дәтіміз бармақ.
iqup
161
Тағы бір мысал берейін. Тепе-теңдігін жоғалтып,
құлауға шақ қалған ұшақ аман-есен қонады. Ал бес
минут бұрын жолаушылар өлім мен өмірдің ортасында
еді. Енді жерге аман қонғаннан соң жолаушылар Аллаға
шүкіршілік етудің орнына қауіпсіздік белдіктерін
шешіп тастап, наразылық танытып шулай жөнеледі.
Алла Тағала Құранда бұл жайлы былай деген:
«Олар аспан кеңістігінде Алланың әміріне,
орнатқан заңдылықтарына толық бағынған
күйде самғап ұшқан құстарға зер салып
қарамай ма? Оларды сол кеңістікте
құлатпай ұстап тұрған Алладан басқа
ешкім емес. Әлбетте, осының өзінде иман
келтірген қауым үшін көптеген белгілер мен
дәлелдер бар». [67:19]
«Әлемдердің Раббысы Аллаға шүкір» деген сөзді
толыққанды түсіну үшін міндетті түрде сынақтар мен
ауыртпашылыққа тап болуың керек, өйткені, адамның
жаны қиналған кезде ғана осы сөз оның аузынан ең
көркем түрде шығады. Сынақтар мен қиындықтар
электр тоғының соққысы секілді. Біздің имани
қалпымызды жоғалтпас үшін, жалпақ тілмен айтқанда
Құдайымызды ұмытпауымыз үшін бір сергітіп алады.
Сәтсіздіктерді өміріңдегі несібең және бақыт
сенің тағдырыңа жазылмаған деп айтатын кейбір
iqup
МҮМКІНДІК
162
адамдардың Алладан түк хабары жоқ екенін біл!
Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде бақытты өмірге
қол жеткізетін жолды айтқан:
«
Кім Алладан қорықса, оған тығырықтан
шығатын бір жол тауып береді және оны
ойламаған жерден
ризықтандырады». [65:2-3]
Ендеше, Алланы көріп тұрғандай өмір сүр! Сол кезде
көр де тұр, бақытты боласың. Әлемдердің Раббысы
Алла бізге осылай деп уәде берді және Алла ешқашан
уәдесін бұзбайды.
iqup
iqup
163
Достарыңызбен бөлісу: |