О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет44/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

Дүние келбеті
К
өбінесе адамдар бұл өмірді қайғы-қасіреттің 
мекені, бақытсыздық пен мұңға толы деп түсінеді, 
солай қабылдайды. Иә, дүние осындай кейіпте 
жаратылған. Бірақ адамдардың жағдайы дүниенің 
толық келбетін суреттей алмайды. Адамдардың саған 
айта алмаған нәрсесін әлемдердің Раббысы әрі барлық 
мүліктің Иесі Алла Құранда былай деп баяндайды:
«Расында, адам баласы шыдамсыз әрі (әр 
нәрсеге) құмар болып жаратылған...
Жамандыққа тап болса тым төзімсіз...
Ал қандай да бір жақсылық келе 
қалса, сараңдығы арта түседі. Намаз 
оқушылардың жөні бөлек... Олар 
намаздарын үзбей оқиды». [70:19-23]
Иә, бұл дүние қорқыныш, үрей, тәкаппарлық сынды 
жағымсыз қасиеттерге толы. Алайда құлшылығыңды 
Алла Тағаланың құзырында қабыл болатындай дәрежеде 
орындайтын болсаң, аталмыш жағдайларданаулақ 
iqup


МҮМКІНДІК
156
боласың, құтыласың. Міне, Жаратушымыз Хақ Тағала 
осы дүниенің ақиқатын осылай деп көрсетеді.
Жалған дүниеде күресуден жалығып, үміті үзіліп, 
салы суға кетуге таяп қалған жандарға Алла Тағала 
мына аятын жіберді:
Жоқ әлде жерді жайлы тұрақ қылған
оның әр жерінен өзендер ағызған, оған 
тауларды қазық қылған және бір-бірімен 
тоғысқан қос теңіздің арасына бөгет 
қойған қайырлы ма? Алламен қатар 
басқа құдай бар ма?! Әрине жоқ, ал бұны
адамдардың көбісі біле бермейді!». [27:61]
[Жерді жайлы тұрақ қылған…]
үстін мекен етіп 
жүрген жұмыр жерді жаратып, оны миллиондаған 
жылдар бойы сенімді тұрақ еткен Алла саған небір 
қайғы-қасіретке төтеп бере алатын сабыр мен сенім де 
бере алады. Егер әлемдердің Раббысына жүрегіңмен 
байлансаң, сені қандай қайғы-қасірет жеңе алады деп 
ойлайсың?
[Жерден өзендер ағызған...]
жұмыр жерді 
жаратып, оның арасынан қиямет-қайымға дейін 
өзендер ағызған Алла сенің өміріңдегі кез келген 
қиындықты шешіп бере алатынына күмәнің болмасын. 
Есіңде болсын, Оған бұл өте оңай! Асқан күш-құдірет 
iqup


iqup
157
Иесі сенімен бірге болатын болса, саған қандай нәрсе 
зиян тигізе алады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет