«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


Бекентаева Айғаным Қалесқызы - «Сəулет» мектеп-лицейінің қазақ  тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі, педагог-зерттеуші



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
Бекентаева Айғаным Қалесқызы - «Сəулет» мектеп-лицейінің қазақ 
тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі, педагог-зерттеуші 
 
 
 
 
 
 
 
«Эссе жазу əдістемесі» таңдау курсының бағдарламасы 9-сыныпқа 
арналған жəне 34 сағатқа есептелген. Таңдау курсы кіріспе, жалпы эссе 
жазудың теориясы мен практикасы, эссе жазу тапсырмаларынан тұрады. Бұл 
бағдарламада алдымен оқушылардың шығармашылық ойлауы жəне өзінің
жеке ойын өз бетінше дамыту дағдыларын қалыптастыру, мұғалім үшін 
оқушыны қорытынды аттестаттауға дайындау барысында əдістемелік көмек 
беру мақсаты көзделеді.


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы

Түсінік хат 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім алушыларды 
қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пəндерінің 
немесе модульдердің көлемін меңгеру дəрежесін айқындау мақсатында 
жүргізілетін рəсім ретінде анықталған. 2019-2020 оқу жылынан бастап негізгі 
орта мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаудың форматы өзгерді. 
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне 
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 
бұйрығына 2019 жылдың 26 қарашасындағы №509 өзгерістер мен мен 
толықтырулар енгізілді. 
9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында 
«Эссе жазу əдістемесі» таңдау курсының бағдарламасы жасақталды.
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту мақсатында негізгі орта мектепті бітіру емтиханында 
жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Сол себепті де, бұл 
бағдарламада алдымен оқушылардың шығармашылық ойлауы жəне өзінің
жеке ойын өз бетінше дамыту сияқты дағдыларын қалыптастыру, мұғалім 
үшін оқушыны қорытынды аттестаттауға дайындау барысында əдістемелік 
көмек беру мақсаты көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет