Жазылым дағдысы
Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын
сын тұрғысынан дəлелдеу, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын білдіру
деңгейіне бағытталады.
Жазылым - төрт дағдының бірі жəне ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни
өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге
сүйене отырып сөйлеу немесе жазу.
Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:
Әуелі жазылуы көзделген нəрсені анықтап алу;
ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;
шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру
түзету жəне редакциялау ( қателерді түзету жəне мазмұнын толықтыру)
тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру жəне түзеу)
дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
Емтиханды өткізу үдерісін басқару
Емтихан «Орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық жəне қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды
аралық жəне қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары, сонымен
қатар Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша
Нұсқаулыққа сəйкес өткізіледі.
Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі
Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою сызбасы
негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады. Білім алушылардың
қойылған балдары балдарды бағаға айналдыру шəкіліне сəйкес бағаға
ауыстырылады.
|