«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
21
адамдарды мезі етіп, оларға кедергі жасайды. Айта берсек, кемшілік көп. «Қара
халықтың мəдениетті болуынан, мəдениетті адамның қазақ болу қиын»,- дейді
Жүсіпбек Аймауытов. Бəрі өзімізге байланысты. Егер театр ұжымынан жоғары
деңгейдегі қойылымды күтсек, өзіміз де сол деңгейге лайық болайық!
Сонымен, театр көрермені ретінде сіз сақтауға тиіс 10 қағида:
• Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Билетті алдын ала
сатып алғаныңыз дұрыс.
• Киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс
киімімен келуші болмаңыз.
• Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды
мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани
лəззат алып, жаныңызды жайландыру.
• Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Билетіңізде көрсетілген орынға
отырсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды.
• Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз
режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз.
Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпайық! (208 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: