«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


театрлары көрермендердің сұранысына сай ма?» деген тақырыпта эссе



Pdf көрінісі
бет17/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

театрлары көрермендердің сұранысына сай ма?» деген тақырыпта эссе 
жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. [20] 
 
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді 
Көрерменің қандай, қазақ театры? 
Соңғы уақыттарда театр актерлеріне сыни көзқараспен қараушылар 
көбейіп жатқанын байқаймыз. Режиссердің жұмысы, қойылымның сценарийі, 
сахна мəдениетіне көңілі толмай жатқандар артты. Бірақ ешкім көрермен 
мəдениетін ескермейді. Менің ойымша, осы мəселеге де ерекше көңіл бөлу 
керек секілді.
Бүгінгі күні театрға барсаңыз, мəдениетті халықты көру қиындап кеткенін 
байқайсыз. Бұл ащы болса да шындық. Себебі көрермендер қарапайым ұялы 
телефондарын өшірмей, қойылым кезінде оның қоңырауына ие бола алмай 
жатады. Жастар қойылым көруге емес, əңгіме айтып, көңіл көтеруге келетін 
секілді. Жырқ-жырқ күлкі, бос əңгіме театрды шын ниетімен көруге келген 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
21 
адамдарды мезі етіп, оларға кедергі жасайды. Айта берсек, кемшілік көп. «Қара 
халықтың мəдениетті болуынан, мəдениетті адамның қазақ болу қиын»,- дейді 
Жүсіпбек Аймауытов. Бəрі өзімізге байланысты. Егер театр ұжымынан жоғары 
деңгейдегі қойылымды күтсек, өзіміз де сол деңгейге лайық болайық! 
Сонымен, театр көрермені ретінде сіз сақтауға тиіс 10 қағида:
• Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Билетті алдын ала 
сатып алғаныңыз дұрыс.
• Киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс 
киімімен келуші болмаңыз.
• Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды 
мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани 
лəззат алып, жаныңызды жайландыру.
• Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Билетіңізде көрсетілген орынға 
отырсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды.
• Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз 
режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз.
Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпайық! (208 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет