«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


-тапырма  Кезінде кемерінен тасыған Жайық арнасының тартылуы–бүгінгі күн



Pdf көрінісі
бет19/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

3-тапырма 
Кезінде кемерінен тасыған Жайық арнасының тартылуы–бүгінгі күн 
тәртібіндегі басты мәселе, Жайық тартылса, аймақтағы барлық 
тіршілікке қиындық туары анық. Берілген мәтіндерді негізге ала отырып, 
өз ойыңызды дәлелдеп, «Жайық өзенінің бүгінгі күйіне әсер еткен адамзат 
па, әлде бұл табиғи құбылыс па?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
 
Эсседегі 
сөз көлемі 
170-200 сөз
 сөз болуы қажет [20]
 
 
А мәтіні: ғаламтордан алынған мәтін
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы да экологтардың алаңдаушылығын 
туғызып отыр. Ару Жайықтың жыл санап арнасы тартылып, суы тартылып, 
ластанып, жалпы экожүйесінің дабыл қағарлық жағдайға жеткенін біз біраз 
жылдан бері басты тақырыбымызға айналдырып келеміз.
Қыс бойы қардың аз түсуі, соның нəтижесінде жергілікті өзен-көлдердің 
табиғи жолмен жеткілікті қоректенбеуі мал баққан, шаруа қуған ағайынға 
қиындау соғары сөзсіз. Өйткені, өзен-көл арнасынан шығып, тасып 
жарымағандықтан сай-салаға жөнді су құйылмайды. Бұл шабындық пен мал 
жайылымдық жерлердің шөбі жартымсыз шығып, құнарсыз болады-ау деген 
күдікті ойға жетелейді. 
Жайық өзенінің тағдыры - еліміздің тағдыры. Осынау табиғаттың ұлы сыйын 
тиімді пайдаланудың орнына қазіргі таңда одан айрылып қалу қаупі туып отыр. 
Әсіресе, Жайықтың бойын жайлаған жəне өзеннің жағасын да əжетке 
жарататын тұрғын, ірі кəсіпорындар мен шаруашылық басшылары «судың 
сұрауы барын» ұмытып кетуі дағдыға айналдырған.


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
23 
Жайық – ғажап өзен. Болашақта Жайық өзені бекіре тұқымдастарды 
сақтаудың қорығы болып қалуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік тұрғыда Жайық 
өзенін экологиялық апаттан аман қалудың кешенді бағдарламасы жасалуы тиіс. 
Ақ Жайық – табиғаттың сыйы. Жылдар, ғасырлар бойы ол бізді асырап, 
халықтың өсуіне, экономиканың өркендеуіне мүмкіндік берді. 
Бүгін Жайықтың өзі бізден көмек күтеді. Сондықтан өмір өзені болып 
отырған осы су көзін сақтау – бүкіл мемлекеттік, жалпы халықтық міндет, 
ұрпақтар алдындағы парыз. (188 сөз) 
http://yandex.kz/clck/
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет