«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
20
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?
Соңғы жүргізілген зерттеу нəтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне
қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни қазір бізге таныс мамандықтар болашақта
қажет болмай қалуы əбден мүмкін.
2020 жылға қарай əлем бойынша еңбек нарығында 40 миллионнан
жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі
мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай
қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген
зерттеу нəтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын
сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты.
2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен
Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» атты кітабы жарық көрген.
Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны
айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дəстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі
мүмкін. Мысалы, дəрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сəулетші
дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден,
технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тəсіліне
айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау
маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен
қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы
20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен
жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бəсекеге ілесе алмай қалуы
мүмкін. (172 сөз)
2-тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Қазіргі қазақ
Достарыңызбен бөлісу: