«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


Ә мәтіні: газеттен алынған мақала



Pdf көрінісі
бет24/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

Ә мәтіні: газеттен алынған мақала
Судың сипаты 
 
Сусыз тіршілік жоқ екені айтпаса да түсінікті.Ұзақ жасауды қаласаңыз, 
бұл да пайдалы судың сапасына тіреледі.Күнделікті ішуге арналған сулардың 
мемлекеттік стандарттарына сəйкес, «ыдыстарға құйылған ауызсудың 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың» регламенті бар.Онда ыдыстарға 
құйылған ауызсу, табиғи су, жерасты суы, бұлақ суы, шығарылған жері 
белгіленген су, тазартылған су, жерүсті суы, артезиан суы туралы жіктеліп, 
сапасы, сипаты көрсетілген. Ең бастысы, «Нарықта таңбалау белгілерінде 
тұтынушыны адастыратын, асхана жəне тазартылған ауызсуына табиғи 
минералды су, бұлақтың суы жəне жерасты суымен байланысты таңбалау 
белгілерін қойып, сондай-ақ оның өндірілетін географиялық аймағын нақты 
емес немесе күмəнді ақпаратты қоюға болмайды» деп анық тыйым салынған.
Мəселен, қазір Қазақстан əлем рейтингінде орташа өмір сүру ұзақтығы 
бойынша 152-орында (70,5 жас) тұр. Дүниежүзі бойынша ең ұзақ өмір 
сүретіндер – жапондар (84 жас). Себебі бұл мемлекетте физиологиялық 
толыққанды суды пайдалану мəдениеті қалыптасқан. Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау ұйымы сапалы ауыз суды адам ағзасының жүйелі түрде жұмыс жасауы-
на мүмкіндік беретін биологиялық белсенді макро жəне микроэлементтердің 
мекен ету ортасы ретінде қарастыруда. 2012 жылы Денсаулық сақтау ұйымы 
əлемнің барлық елдеріне тəулігіне кем дегенде 450-700 мл табиғи минералды 
суды ішуге кеңес берді. Тəулігіне қажетті мөлшерде су ішу арқылы, адам өзіне 
керекті микро жəне макроэлементтерді азық-түліктерден емес, судан алады. 
Себебі, ағзаға мұндай жолмен түскен пайдалы элементтер (кальций, магний, 
фтор, йод, калий, натрий, т.б.) тез сіңіріліп, нəтижесі де тез байқалады. (208 сөз) 
 «Егемен Қазақстан» 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет