«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


А мәтіні: газеттен алынған сұхбат



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

А мәтіні: газеттен алынған сұхбат
-
Судың əрбір тірі ағза үшін маңызды табиғи ресурс екенін бесіктегі бала 
да біледі. Қазақстан Республикасы минералды ресурстар Академиясың 
корреспондент мүшесі, табиғи суларды зерттеуші əрі əзірлеуші, қазақстандық 
Asia Waters холдингінің ғылым жөніндегі директоры Евгений Александрович 
Пятов су туралы жиі қолданылатын анықтамаларға түсінік беріп, ағзаға қандай 
судардың тек пайда əкелетінін айтып береді. 
Евгений Александрович Пятов:
-
Алдымен, халық жиі тұтынатыны –қайнатылған су. Қайнатылған су 
бактерия мен вирусты "өлтіреді". Оның ішінде пайдалы жерасты суларындағы 
физиологиялық пайдалы бактериялар тобы да жойылып кетеді. Ал керісінше, 
зиянды химиялық элементтер жоғары концентрацияда өз күшін сақтап қалады.
Ал, жерасты қайнар көздерінен алынған, қауіпсіздігі сақталған табиғи 
минералды сулар қайнатылған суға қарағанда əлдеқайда пайдалы. Табиғи 
минералды суды біз жəне бүкіл əлем жерасты қайнарларынан алынған, 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
26 
күнделікті тұтынуға болатын ауызсу ретінде білеміз. Медицинада адам 
денсаулығы тұтынатын судың құрамына тікелей байланысты екені дəлелденіп, 
ауызсудың физиологиялық толыққандылығы деген түсінік енгізілген. Ол адам 
ағзасында туындайтын химия-биологиялық процесстерді реттеуге септігін 
тигізеді. Мұндай элементтерге кальций, магний, йод, фтор, гидрокарбонаттар 
жатады. 
Бұлақ суына келсек, бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи минералды 
су. Бұлақ суын кез-келген табиғи су секілді ішер алдында міндетті түрде 
тексеру керек.Егер оның минералды құрамы адам үшін мінсіз екенін, улы 
элементтері мен патогендік бактериялары жоқ екенін анықтаса, яғни 
физиологиялық тұрғыдан толыққанды болса, онда қайнатылмаған жəне 
сүзгіден өтпеген табиғи күйіндегі бұлақ суы өте құнды деген сөз.(213 сөз) 
(сұхбат) 
https://special.nur.kz/water-kz-truth-kaz
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет