«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


Ә мәтіні: газеттен алынған мақала



Pdf көрінісі
бет20/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

Ә мәтіні: газеттен алынған мақала
Биыл Орал өзені проблемалары бойынша кезекті семинар өтті. Төрт сенатор, 
алты əкім, екі губернатор жəне елуден астам шенеунік – Жайық өзенін 
құтқаруға шешім қабылдаған делегаттардың сандық құрамы осындай.
Людмила Марченко, Орынбор қоғамдық палатасының өкілі:
- Бұрын Жайық бойымен қайықтар жүретін, Орынборда адамдар жазда суға 
шомылушы еді, қазір өзенді тізеден кешіп өтуге болады. Осы жазда 
тұрғындардың өздеріне арнаны балдырлардан тазартуға тура келді, өйткені 
билік мұндай проблемамен бетпе-бет келіп, бұл жағдайда не істеу керектігін 
білмеді.
Нариман Өтешев, Қазақстанның экологиялық қозғалысының ардагері:
-
Жайық маңында тосқауыл салуға болмайды... Жайыққа судың түсуі одан
əрі қысқарып, өзен ағысы əлсірейді, содан кейін ол Каспий жағалауына мүлдем 
құюын тоқтатады. Бұл - жаһандық апат, бұл апаттың салдарынан аймақтағы 
барлық тіршілік тоқтайды деуге болады. Сондықтан өзенді сақтау бойынша 
жалпы стратегиялық жоспарлар қабылдау қажет. 
Александр Чибилев, Ресей географы, РҒА академигі:
- Жайық өзенінің ластануы, судың таяздануы, бекірелер санының азаюы 
жайлы зерттеулер жүргізу керек. Бұл - бірінші кезектегі міндет. Содан кейін 
нəтижелер алып, біз осы мəселелерді шешу үшін қандай шаралар қабылдау 
қажеттігі туралы айта аламыз. 
Әзірге экологтар мен билік өкілдері Жайық мəселесін талқылап жатқанда
жергілікті белсенділер бұл мəселені шешуге талпынуда. Алексей Шустов міне, 
жиырма жыл бойы Оралдың Хан тоғайында тəртіп орнату үстінде. Ал 
Оралдағы мұғалім Жалғас Ерғали биылғы жылы Жайық жағалауындағы 
қоқыстарды жинау туралы «Бір қоқыс пакеті» атты челлендж жариялады. 
Акцияның мəні — əрбір адам бір қоқыс пакетін жинап, айналаны тазарту.
(218сөз) 
https://www.uralskweek.kz/kz
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет