«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы 24
4-тапсырма Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғатты қорғау міндет пе,әлде заңдылық па?...» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20] А мәтіні: газеттен алынған мақала Табиғатты аялайық Киелі табиғаттың қадірін білген қазақтың бүгінгі ұрпағы білім мен
ғылымның арқасында ғарышты бағындырдық деген астамшылық пен тұтыну-
шылық көзқарасқа бой ұрды. Табиғатқа залал-зиян келтірсе оны қылмысқа
балаған халық екеніміз де ұмытылуға таяу. Соның айқын дəлелі, қазіргі күні
еліміздегі қоршаған ортаның хал-ахуалы алаңдататын дəрежеге жетті. Жыл
санап жойылып бара жатқан жан-жануар түрлері, шектен тыс ластанған ауа мен
су, дала мен қала толы қоқыс, осының бəрі біздің экомəдениетіміздің айқын
көрінісі. Тазалықты өз ауласы мен үйінің төңірегінен асырмайтын тоғышар
сана Планетаны қойып, «менің елім, жерім, қалам, далам» дейтін асқақ
ұғымдарға да көлеңкесін түсіруде.
Мысалы, көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-
қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин
құрамында
1
гр
тетраэтилқорғасын
болады.
Бензиннің
құрамына
траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның
жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына
таралады. Соңғы 100 жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның
мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда
мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86%
автокөліктерден бөлінеді.
Осы ретте дамыған елдер көшіне қосылғысы келетін біз олардың
экономикалық табыстарымен қатар, табиғатты қорғаудағы үлгісін де үйренсек
артық болмас еді деген ой туады. Соның бірі – Жер күні. Жыл сайын аталып
өтетін бұл мереке айнала қоршаған ортаға назар аударуға шақырады. 1970
жылы АҚШ-та бастау алған бұл шара бірден əлем елдерінің қолдауына ие
болды. 2009 жылы БҰҰ 22 сəуірді Халықаралық Жер-Ана күні деп жариялады.
Басқа істе басы қосылмаса да, дəл осы Жер күнінде бүкіл планета халқы
қоршаған ортаны қорғауда бірлік танытады. Өйткені Жер шары – адамзаттың
жалғыз мекені. Табиғатпен үйлесімде өмір сүруден басқа таңдау жоқ екенін
ұғынатын Жердің əрбір тұрғыны бұл күні айналасын тазалайды, ағаш егеді,
түрлі шараларға атсалысады.
Киелі табиғат астамшылықты көтермейді. «Ертеңгі ұрпаққа не
қалдырамыз?» деген сауалдың жауабы Жер атты құтты мекенімізді көзіміздің
қарашығындай сақтап, қастерлеуге келіп тірелетіні анық. Адамзаттың өмір атты
ауыр жүгін аманаттай арқалап, жалғыз серігі Айды айналған Жер атты ғажайып
ғарыш кемесінің ғұмыры ұзақ болуы да бізге, адамдарға байланысты екенін
қай-қайсымыздың есте ұстағанымыз абзал сияқты.