«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет18/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді
Белгілі сыншы, мәдени сарапшы Әлия Бөпежанова қазіргі театрлар 
туралы өз пікірін білдірді. 
– 
Бүгінгі Қазақстандағы қазақ театрларының жай-күйі туралы не айта 
аласыз? Театр сыншысы ретінде ойыңыз қандай? 
Әрине, əлемдік театрмен бүгінгі қазақ театрын салыстыра алмаймыз. 
Себебі бірнеше мың жылдық тарихы бар əлемдік театр өнерінің бүгінгі даму 
қарқыны көз ілеспес жылдамдықпен алға қарыштап кеткен. Режиссура, 
драмматургия, актерлік өнер, техникалық мүмкіндіктер, спектакльдерді 
жарнамалау əлемдік театрларда əлдеқашан игерілген. Сондықтан да əлемдік 
театр өнеріндегі жаңалықтарды бақылаудың өзі мүмкін емес. Бүгінгі таңда 
біздің қазақ театрына «жаңа драматургия» мен «жаңа режиссура» қажет. Біз 
əлемдік театрларда болып жатқан театрлық ағымдар мен үрдістерді бақылай 
отырып, өзіміздің ұлттық актерлік мектебімізді сақтап, ұлттық келбетімізді 
көрсететіндей деңгейден көрінуге тиіспіз.
– 
Қазақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді 
ерекше алаңдатады? 
– Меніңше, театрлардың басты проблемасы – репертуар таңдау мəселесі. 
Театр 
мамандары 
тақырыпқа 
жеңіл-желпі 
қарайды. 
Театрлардың 
репертуарында замандастар өміріне қатысты жазылған шығармалар, əлемдік 
жəне ұлттық классикалық пьесаларды сахнаға шығару төмендеп кеткен екен. 
«Репертуар – театр айнасы» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі репертуардағы 
шығармалардың сапасымен театрдың бейнесі айқындалмақ. Әр театрдың 
репертуары сол театрдың өзіндік ерекшелігін ескере отырып жасалады. 
Сондықтан да бүгінгі қазақ театрларына жастардың патриоттық сезімдерін 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
22 
ұштайтын ұлттық салт-дəстүрімізді, тілімізді, дінімізді насихаттайтын 
пьесаларға орын берілуі керек деп есептеймін.
– 
Әрине, пікіріңіз орынды, дегенмен қоғамның сұранысы дейтін мәселе де 
бар. Бүгінде әзіл-сықақ театрларының айы оңынан туып тұрған сияқты. Осы 
туралы ойыңыз қандай? 
– Қазір əзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір əзіл-сықақ театрлары 
жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің əлеуметтік мəселелерін көтереді. Бірақ бір 
айтатын мəселе: олар қоғамдық əлеуметтік мəселелерден гөрі отбасы-ошақ 
қасы сияқты жеңіл-желпі тақырыптардың айналасынан аса алмай жүр. Кез 
келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр
парламент не талқылады, қандай халықаралық мəселелер қаралды, қысқаша 
айтқанда, бəрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі 
кең болуы тиіс. Өнерде интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, əзіл-
сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…(324 сөз)
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет