«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
19
2.3.
Эссе жазу тапсырмалары
1-тапсырма
Екі
мәтіндегі
ақпарат
пен
өз
пікірлеріңізді
пайдаланып,
«Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?» деген тақырыпта эссе
жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. [20]
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Мамандық таңдау – маңызды мәселе
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық
Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа
ие екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың
қажетсіз деп танылғанын, жойылып
кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып
жатқанын білмейді деуге болады.
Енді бұл мəселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа
100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр.
Ол жоғары оқу орнын биология пəнінің
мұғалімі мамандығы бойынша
тəмамдаған.
– Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта
сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен
шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде
мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне,
бір жыл
болды, əлі жұмыссызбын. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап
отырмын, – дейді Салтанат.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас
түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын
мамандық бойынша оқуға
түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, жұмыс істеуге құлқы
болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының
жетекшісі Ерсайынның
есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс
таңдайды.
– Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек
грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма,
бітірген соң
жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кəсіптік бағдар беру жағы
қарастырылмағандықтан, оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат
жоқ, түк хабарсыз.
Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың
10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны
ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын. (234 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: