«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет12/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
 
 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
15 
 
2.
 
Практикалық бөлім 
 
2.1.
 
Курстың мазмұны мен құрылымы 
 
1-бөлім. Кіріспе – 1сағат 
 
1.1.
Эссе туралы түсінік. Эссе жазуға қойылатын талаптар. Бағалау. – 1сағат
«Эссе» сөзінің шығу тарихы, оның шағын көлемдегі проза түріндегі қандай 
да бір мəселені еркін түрде жазу, сын жəне публицистика жанры екендігі 
туралы жалпы түсінік беріледі.
2-бөлім. Жалпы эссені жазу теориясы мен практикасы -18 сағат 
 
2.1. Эссенің түрлері туралы түсінік – 1сағат 
Эссенің түрлері : сипаттамалық, салыстыру , анықтамалық , аргументтік , 
əдеби-сын эсселері, олардың өзара айырмашылықтары мен ерекшеліктері
туралы жалпы түсінік беріледі. 
Эссе жазуға қойылатын басты талаптар таныстырылады, эссені бағалау 
критерийлері талданады. Тезистің болуы, дəлелдер, дəйектер келтіру, ерекше 
кіріспе мен қорытындылау, ой тұтастығы мен жүйелілігі, орфографиялық жəне 
пунктуациялық қателердің ескерілетіндігі айтылады. 
2.2. Эссенің құрылымы, белгілері және жоспарлау – 3сағат
Титул беті, толтырылуы; Жоспарлау, кіріспе, негізгі жəне қорытынды бөлімдер, 
олардың мазмұны, белгілері туралы түсінік беріледі. Эссе мазмұнында 
оқулықтан тыс көркем шығармадан үзінді, қанатты сөздерді қолданудың, жеке 
ізденістің, өмірмен байланыстыра қорытындылаудың маңыздылығы 
түсіндіріледі. Эссенің кейбір белгілері: нақты тақырып немесе мəселенің 
қойылуы; мəселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола 
алмайтыны; нақты мəселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке əсері мен 
түсінігін білдіретіні; эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық 
ерекшелігі – оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланатыны айтылады. 
Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдердің құрылымдық, мазмұндық 
ерекшеліктері. Кіріспе бөлімде берілген тақырыпты негіздеу, оның логикалық 
байланысқан компоненттер қатарынан тұратыны, бұл этапта өзі ашқалы 
отырған тақырыпқа сұрақты дұрыс қоя білудің маңыздылығы; Негізгі бөлімде 
тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу, шағын 
тақырыпшаларға бөлу, əр тақырыпшаны аргументті түрде тұжырымдаудың 
негізгі сұраққа жауап беруге көмектесетіні, сонымен қатар берілген
тақырыптағы тезистер аргументтер мен талдаулар, дəлелдеулер арқылы 
берілетіні; Қорытындының оқушының өз пікірімен, өмірлік тұжырымдарымен 
бекітілетіні айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет