Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау



Pdf көрінісі
бет6/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

 
Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау
сұрақтары:
1. 
Баланың психикалық дамуы дегеніміз. 
2. 
Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу 
барысындағы ерекшелігі .
3. 
Оқу мен жазу үдерістерін талдаудан шығатын 
қорытынды.
4. 
Талдау, жинақтау әдістерін сипатта.
Пайдаланылатын әдебиеттер::
1.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 2006
2.Зимняя И.А. Педагогикалық психология.- Алматы, 2005. 
– 368 б.
3.Кукушкин В.С. Педагогика начального образования.- 
М.:Ростов-на Дону-2005. – 566 с.


19
3. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Дәрістің мақсаты: 
бастауыш сынып оқушыларының ақыл-
ой әрекетін ұйымдастыруда дағды мен біліктіліктің теориялық 
негіздерімен таныстыру. Ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруда 
қойылатын талаптар. Оларды тәжірибелік жолмен іске асырудың 
мүмкіндіктерін меңгерту.
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1. Бастауыш сынып оқушыларында дағды мен біліктіліктің 
қалыптасуы
2. Жазба сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері.
3. Қазақ тілі сабақтарындағы оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
1
.Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке 
ең алғаш кіріскен кезде адам басы артық қимыл-қозғалыстар 
жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға 
үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды..
Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім – бүкіл 
оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны», - дейді.
Бұл сақталып қалатын не? Ол – әдет, сенім, бағыт дағды және 
қабілет – міне, нағыз білім – осылар! «Дағды, - деп көрсетеді 
психолог С.Л.Рубинштейн, - саналы түрде автоматталған қимыл-
әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған 
тәсілі ретінде қызмет атқарады».
Қандай да болсын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас 
жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін 
көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал 
оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, 
түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы үдерісс, 
сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа 
айналуы – интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық 
әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай үдерісті оқытуда 
баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог 
П.Я.Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер 
бойынша, баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны 
дәлелденді. Мұнда дағды мен біліктіліктің қалыптасу ұзақтығы да, 
оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жинақтылығы т.б.) ақыл-
ой әрекетін қалыптастыру үдерісін ұйымдастыруға байланысты 


20
екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік 
мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға 
қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік: 
1) 
ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы:
яғни қандай 
да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт 
беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен 
орындауға кіріседі; 2) 
әрекеттің материалдық түрде қалыптасу 
кезеңі.
Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, 
материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға 
кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл денесін бір 
жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын
бүгіп, бар күшін жұмсауы; 3) 
әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде 
көрінуі
(балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бұл кезеңде күрделі 
әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында 
бір әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп 
жаттығады); 4) 
әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды.
Яғни, дағды мен шеберлікке саналы үйренеді, әрбір қимылды 
не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда 
бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 
5) 
дағды мен біліктіліктің толық қалыптасып бітуі
оны басқа 
жағдайларда өздіктерінен қолдана алуынан көрінеді. Сауат ашу 
кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде 
осы көрсетілген «сатылы қалыптастыру» жүйесін сақтауға тиіс. 
Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында шартты түрде мынадай 
білік қалыптасады: 1) дыбыстарды, буындарды орын-орнына 
қойып, сөз құрастыру, сөзден сөйлем құрастыру; 2) кеспе әліппе 
әріптерінен сөз құрау және жазу; 3) сөздердегі жуандық белгі 
(ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырмашылығын ұғу; 4) 
қандай да болсын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді 
оқи алу; 5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс 
белгілерін сақтап оқи алу; 6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің 
сұрағы бойынша айтып беру; 7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу; 
8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық 
жаттығуларды орындай алу.
Сауат ашу кезеңінде балаларда шамамен мынадай дағдылар 
қалыптасады: 1) сөзді буындап және тұтас сөздерді, сөйлемдерді 
дұрыс оқу; 2) көлемді шағын мәтіндерді саналы оқу; 3) айтылуы 
мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу; 4) жазған сөздерін 
тексеріп отыру; 5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.


21
2
. Жазбаша сөйлеу – баланың тіл мәдениетінің дамуына 
ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Баланы жазу сөзіне 
үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда 
жартысына жуығын алады. Өйткені, жазу техникасын меңгеру – 
психологиялық тұрғыдан өте күрделі құбылыс. Бастауыш мектеп 
оқушыларының ауызекі сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеу 
– психология мен педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі. 
Бастауыш сыныптарда жүргізген зерттеулерге қарасақ, екінші, 
үшінші сынып оқушыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан 
жағынан да, сапа жағынан да кейін қалып отыратындығы, олардың 
сөздік қорында зат есім, етістіктердің көп ұшырасатындығы, 
сөздік қоры өз деңгейінде дамыған балалардың жазба жұмыстары 
жоғары болатындығы анықталған. Балалардың орфографиялық 
дағдыларымен қатар, жазу жұмысының дағдыларын үйренуі 
жазба сөйлеуді меңгерудің негізгі элементі болып саналады. 
Жазба сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Хат тану арнаулы 
дағдылардың қалыптасуын қажет етеді. Хат танудың үш кезеңінің 
міндеттеріне тоқталсақ: бірінші кезеңде оқушы әріптің аттары, сол 
әріптердің айтылу дыбысына қалайша сәйкес келетіні, олардың 
буынға бірігуін, буыннан сөздің қалай құралатынын меңгереді.
Жазу дағдысын меңгеруде балаға ұшырасатын негізгі 
қиындықтар психологияда жан-жақты зерттелген. Саусақтағы 
ұсақ еттері дамып толық жетіле қоймағандықтан жазудан 
баланың қолы тез шаршайды. Саусақтарының икемділігінің 
аздығы, әсіресе, бас бармақтың қалған саусақтарға қарама-қарсы 
орналасуы қалам ұстауға жайсыздық тудырады. Осы жағдайға 
байланысты, оқушылардың графикалық дағдыларына нұқсан 
келтіріп, жазу формаларының жиі ауысып отыруына себепші 
болады. Жазуға үйрету барысында осы кемшіліктерді болдырмау 
үшін мұғалім төмендегі шараларды жүзеге асыруы қажет. 
- Оқушыға алғашқы бір жазғанын қайта-қайта жаздыра 
бермеген дұрыс, себебі баланың бұл әрекеттен қолы тез талып, 
шаршаумен қатар, бұл оның жүйкесіне салмақ түсірмек.
- Саусақтарының ұсақ еттерінің қатая түсуі үшін балаға 
саз балшықтан мүсіндер жасатқызу, сурет салғызып не тігін 
жұмыстарына машықтандыру оның рухани демалуына да әсерін 
тигізеді.
- Мұғалім көшіріп жазудан кеткен қателерге баланың зейінін 
үнемі аударып, оның өз қатесін өзі түзетуін қадағалау керек.


22
- Баланы жазу дәптерлерін өте ұқыпты ұстауға әдеттендірудің 
де осы айтылғанға тікелей қатысы бар, баланың дәптері таза 
болса, ол әдемі жазуға тырысады, каллиграфиясы жақсара, 
қателері азая түсетін болады.
3
. Халқымыздың сыныпик жазушысы М.Әуезов: «Бұл 
дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық 
мәнді интеллигент емес деуге де болады» - десе, белгілі қоғам 
қайраткері І.Омаров: «Тіл мейірбандықты қажет етеді. Қисық 
тілді шығарма сақау адам секілді, кәрі құлақты кеседі, жас 
құлаққа жаман үлгі болады, балаң авторды үстірттікке үйретеді. 
Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдени 
қоректендіре түседі ... Дүниеде сөздің дертінен өткен ауыр дерт 
жоқ, сөздің шарапатынан дауалы шарапат жоқ, сөз тұрлаусыздыққа 
емес – баяндылыққа, өлімге емес, өмірге қызмет» - деген. 
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – 
қарым-қатынастың әртүрлі жағдаяттарында ана тілін қолданудың 
дағдыларын қалыптастыру.
Бастауыш сатыдағы тілдік білім беру – жеке адамның 
әлеуметтік белсенді, жан-жақты дамыған, өз бетінше ойлана 
білетін, сөйлеу қызметінің барлық түрлерін (байланысқан мәтіндер 
арқылы қалыптасатын: сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу) меңгерген 
болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Пәндер бойынша оқу 
жүктемесінің көлемі 2-сыныпта, 3-сыныпта, 4-сыныпта 136 
сағаттан белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет