Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет55/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

әкесінің жинаған малынан оны бір жылқы көтере алмай, белі үзіліп қала 
береді. 


98 
Әлібек нағашысының үйіне жаяу барады. Нағашысы алдынан шығып, 
жиенінің келгеніне қуанып, жаяу келген себебін сұрайды. Әлібек ыза болып: 
– Әкем жылқы жимай, ит жиған екен! Осында мініп келуге бір ат таба 
алмай, жаяу келдім. Сондықтан, маған мінетін ат беріңіз, – дейді. 
Нағашысы жылқыдан өзі таңдап алуына ерік беріп, жылқысына ертіп 
келсе, өзге жылқыдан өзгеше болып бір қызыл құнан көзіне түсе кетеді. Әлібек 
ұстап алып, қарғып мініп, қызыл құнанмен шапқылап отырып шешесіне келеді 
(«Әлібек батыр» ертегісі). 
Көшпелі қоғамдағы өмір адамды өз өзімен және табиғатпен етене 
жақындыққа әкелген. Үйір-үйір жылқы немесе отар-отар қой бағып, күн 
ұзағына малдың соңында жүрген адам табиғатпен үндестікте өмір сүрген.
Қоршаған әлеммен күнделікті тәжірибесі оның рухани-интеллектуалдық, 
эмоционалды-құндылық мәніне айналған. Күнделікті тұрмыс-тіршілігі оның 
табиғатпен 
үйлесімділік 
тауып, 
ішкі 
жан-дүниесінің 
тыныштығын, 
жайлылығын, көңіл-күйінің қалыпты болуын қамтамасыз еткен. Осыдан қазақ 
ұлттық мінезіндегі сабырлылық пен төзімділік, шыдамдылық, дарқандық, 
кеңдік қалыптасқан. Ұлттық мінездегі осы қасиеттер қазақ ертегі дискурсынан 
анық көрінеді. Мысалы, 
«Зынданда жатқан Мергенбай батырға: «Маған 
қызмет етсең босатам»,- деп елші жіберіп едім, қарысқан батыр 
екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ, қол-аяғымды босатсаң, содан кейін 
сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. Босатуға корықтық [97]
(«Керқұла 
атты Кендебай» ертегісі). 
Қазақ санасындағы әлеммен, дүниемен байланыс сәби кезінен басталған
өзін қоршаған әлемді етене тану, онымен тікелей байланыста болу рухани жан 
дүниесін байытқан. Осы қатынастар тіршілік, өмір құпияларын ашуға, оны 
тереңдеп ұғынуға жетелеген. Аталған қарым-қатынас адамның өн бойынан 
өтіп, оның бүкіл өмірлік тәжірибесінде, ұлттық мінез-құлқында қайталанбас із 
қалдырған, әрбір адамның рухани бай ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік берген. 
Осы байланыстардың нәтижесін қазақ ертегі дискурсындағы дана қария, абыз 
бейнелерінен көре аламыз. Мысалы, «
Қариядан жөн сұрап, үшеуі ортаға ала 
бастайды. Сонда қария айтыпты. «Шырақтарым, мен Құддыс хан деген 
ханның досы едім. Оның туысқанын дәулер қатырып кетті, мен осылардың 
шаһарының күзетшісі болып жүрмін. Сендер тегін адамдар емес 
шығарсыңдар, қонақ болып жата беріңдер, мен енді қырық күнде келемін, оған 
шейін осы шаһарда болыңыздар, менің баратын зәру жұмысым бар еді, 
жалғыз-ақ анау тұрған алтын сарайды ашпаңдар, одан басқаларын аралауға 
болады», – депті. Ханның баласы: «Мақұл, қария», – деп, шалға рұқсат беріп, 
өздері сол шаһарда қала береді» 
(«Ай астындағы Айбарша сұлу» ертегісі)
,
«Сонда абыз отырып: – Ә, балам, тиыштық па, әділдік пе, ә, тиыштық, 
әділдік орнатам деп соғысқа аттандым де, – деген екен де, үндемей отырған 
екен. Сонда Баяуханның тиыштық орнатам деп, жер қайысқан қолмен 
қырғынға аттанған қатасы ойына түсе қалып: «Енді аяғын айтпаңыз, абыз, 
мен тоқталдым, өз жазамды өзім айтайын, менің жазам өмір бойы күлмеу 
болсын», – деген екен»
(«Ай астындағы Айбарша сұлу» ертегісі).
 


99 
Қазақ қоғамында басына қуаныш немесе қайғы түскен адам еш уақытта 
жалғыз қалмаған. Көшпенді өмір салты бірлесіп өмір сүру дағдылары мен 
ұжымдық сана қалыптастырған. Сондықтан жеке адамның өмірінде орын алып 
жатқан той, шашу, көрімдік, сүйінші сияқты ғұрыптар қуаныштың жалпыға 
ортақтығын бейнелеген. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет