Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Жақсы жетекші өзгелерді өзіне тарта отырып



Pdf көрінісі
бет46/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Жақсы жетекші өзгелерді өзіне тарта отырып,
олардың бойындағы бар жақсы қасиетін аша білуі тиіс.
Əрі идеялық шабыттандырушы болуы қажет.
Бизнесім қаланған бұл кезеңдегі екінші маңызды
мəселе – көшбасшы алдымен өз ісіне деген сенімін сақтап,
командасын қанаттандыруы тиіс. Адамдарға сенім
ұялатып, олардың салы суға кеткенде қолдау көрсету үшін
өзіңде ресурс болуы тиіс. 
Команда əрдайым өз ісіне
сенетін жəне межесін білетін адамның ізінен ереді.
Алғашында бір жыл бойы бізде бір жыл бойы бізде
мүлдем сатылым болмаған кезде, көптеген қызметкерлер
жабдығымыз енді өтпейді, оны сата алмаймыз деп ойлап,
берілуге дайын болды. Мен олармен сөйлесіп, бұл
мəселенің уақытша екенін, сұраныс болмауы өнімнің
бұрын-соңды 
шығарылмауына 
байланысты 
екенін,
нарыққа əлі пісіп-жетілу қажеттігін түсіндіруге тырыстым.
Тек əрі қарай қозғала беру керек болды.
Əрине «құрғақ қасық ауыз жыртады». Құр сөзбен
адамдарды канаттандыру мүмкін емес. Нақты істер керек.
Пəтерімді 
сатып, 
ақшаны 
бизнеске 
салуым,
қызметкерлерім үшін, менің бұл іске деген сенімімнің
көрсеткіші болды. Барлығы ортақ ісіміздің өрлейтініне


қаншалықты сенетінімді түсінгеннен кейін күрделі кезең
аяқталды.
Əлемдік статистикада көптеген кəсіпкерлер жолдың
90 пайызын өтіп, нəтижені күтуден шаршап, беріле
салады. Одан кейін олардың орнына қалған 10 пайызды
өтетін əлдекім келеді де, табысқа кенеледі. Сондықтан
берілмеу керек. 
Қараңғы түннен кейін жарқырап күн
шығады.
Егер өз ісіңе сенсең, соңына дейін бару керек. Ал
жаңа бизнес бастасаң, алғашқы жемісін бергенше біраз
уақыт өтетініне дайын бол.
Сонда көшбасшының өзі күш-жігерді қайдан алмақ?
Əрине «менікі ең керемет идея, ол міндетті түрде табыс
əкеледі» деп соқыр сеніммен өмір сүруге де болмайды.
Талдау жүргізу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет