Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Үлкен түйткілдерді еңсере жүріп



Pdf көрінісі
бет48/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Үлкен түйткілдерді еңсере жүріп,
шынығасың, өмірлік сабақ аласың.
Қандай да бір əрекеттер жасаудың орнына жайбарақат
отырып, өмірге шағым айтатын адамдарды шынымен
түсінбеймін. Ешкім ешкімнің қайғысына бас қатырмайды,
əркімнің қиындығы өз басына жетерлік. Басқа адамдарға
«жылап-сықтаудың» мүлде мəні жоқ. Қиындықтарды
еңсеріп, алға жүру керек, ең үздік стратегия осы. Өмірімде
қиындықтарымды біреу шешіп берген емес.
90-шы жылдары ажал құша жаздаған кездерім көп
болды. Бірде үйге қайтып келе жатқанмын. Кіреберістің
есігін ашсам, ұзын қара плащ киген бір жігіт тұр. Ол кезде
адам өлтіру оңай болып кетті. Баскесерлерге сынақ


ретінде ешбір кінəсі жоқ бейтаныс біреуді өлтіруді
тапсырады. Егер ол «сынақты» тапсырса, оған келесі
ақысы төленетін «тапсырыс» береді. Сондықтан əлгі адам
қолын қалтасына салған күйі мен жаққа қарай
қозғалғанда, қазір не боларын ұқтым. Қайта көрер
жарығым бар екен, шешуші сəтте лифті келді де, одан
адамдар шықты. Ал даладан басқа адамдар кіре бастады,
сөйтіп қозғалыс басталып кетті. Баскесер шаруасын
тындыра алмайтынын біліп, жылдам шығып кетті. Кейін
таныстарымның бірін қорқыту үшін мені «нысанаға»
алғанын білдім. Біреулердің арасындағы жəйтқа қатысым
жоқ мен, кезінде ол адаммен бірге жұмыс істегенім үшін
ғана құрбан болып кете жаздадым. Əлгі адамдар лифтіден
бір-екі секундқа кеш шыққанда мен осы кітапты қазір
жазып отырмас едім. Сол кезде Құдай сақтап қалды.
Алайда, осыған ұқсас жағдайлар басымнан бірнеше мəрте
өткен.
Сол бір ауыр кезеңдерде көп адам үшін құндылықтар
азайды, ешкімді ештеңе тежемеді. Адамдарды көлік,
былғары күртеше үшін, тіпті себепсіз ұрды, жарымжан
етті, өлтіріп те кетті. Бұзақылар елді биледі. Осындай
аласапыран заманда адамдардың жүрегіне өлтірме, ұрлама
деген басты қағидалардың жетуі бір Жаратқанның ісі
шығар. Мен сол ортада өмір сүрдім, керек кезде
қорғандым. Мені бұл шынықтырды, алайда өмірімнің
тұтас бір кезеңі үнемі қауіп-қатермен өтті.
Мені қазір білімді, зиялы, халықаралық дəрежеде
бизнеспен айналысатын кəсіпкер ретінде танитын
адамдар, өткен өмір мектебім туралы естігенде, таң
қалады. Алайда, қазіргідей адам болуыма сол алған
өмірлік тəжірибем көмектесті. Берілмеуді үйрендім.
Өмір маған көп нəрсені үйретті, игере алғанымша
сабақ алдым. Ұстанымдар бірінен соң бірі пайда болып,
санамда бекіп, олар түрлі жағдайларда маған адам болып
қалуға көмектесті. Мысалы, əрдайым уəдесін орындайтын
сертшіл етті. Бұл қасиет ұқыптылық сияқты табысты
бизнестің негізін қалайды. Адамдар бұған жиі мəн


бермейді, алайда егер сіз кездесуге кешіксеңіз, іштей
өзіңізді кінəлі сезініп тұрасыз жəне өз мүдделеріңізді
ойлағаныңыздай 
қорғай 
амайсыз. 
Осылайша,
келіссөздерде үстемдігіңізді жоғалтып аласыз. Бұл əдеттен
арылу үшін (егер ондай əдетіңіз болса), өзім білім алған
бизнес-жаттықтырушы Александр Фукстың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет