Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет56/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

«Ақылды адамды жұмысқа
алып, оған не істеу керектігін нұсқаудың мəні жоқ. Біз
адамдарды не істеу керектігін олар айтуы үшін
жұмысқа аламыз»
деген сөзімен келісемін.
Бизнес бастағанда не нəрсеге дайын
болу керек?
Кəсіпкерлік қызметті бастағанда күн сайын қандай да
бір мəселелерді шешуге тура келетініне дайын болу керек.
Негізі бизнесмендер мен басқарушылар – теңдесіз түйткіл
шешушілер. Бизнесте ұдайы қандай да бір мəселелер,
түрлі күтпеген жағдайлар, сəтсіздіктер болып тұрады.
Салқынқандылық таныту керек.
Авиация академиясында оқыған менің досым Олег
Хусаенов 
«қандай да бір салмақты мəселе туындағанда
қираған ұшақтың парашютшісі сияқты қимылдау
керек»,
– дейді. Ұшқыштардың нұсқауы бойынша егер
сені қиратса жəне парашютпен секірсең, жерге қонғаннан
кейін алғашқы 10 минутта сабыр сақтап, жұлқынбау
керек. Əйтпесе, қателіктерге бой алдыруың мүмкін.
Бизнесте де дəл солай. Болжамаған əлдене бола қалса,
сабырға келіп, ойланып барып, қандай да бір əрекеттер


жасау керек. Бизнесменге байсалды болу, жағдайды
сабырмен, салқынқандылықпен бағалау маңызды, себебі
эмоция дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіреді.
Кез келген жағдайда бұл жолмен жүріп өткен
əлдекіммен ақылдассаңыз, дұрыс шешім таба аласыз.
Өкінішке орай, ұл баланы бала кезден «сен мықты,
ақылды, батыл болуың керек» деп өсіргендіктен, көптеген
ер адамдар өз толқуларын жақындарына айтпайды.
Адамдардың өздерін қысып ұстайтыны соншалықты,
эмоцияларын шығарып, өз қорқыныштарымен бөліспейді.
Күйзеліс жинала береді, сөйтіп, инфарктке, маскүнемдікке
жəне басқа да жайсыз салдарға əкеп соғуы мүмкін.
Меніңше, өмірде бəрін біліп туу мүмкін емес жəне əрбір
түсініксіз жағдайда кеңесшілерге жүгінуге, қандай да бір
кітаптар оқуға, достардан сұрауға болады. Оның еш
əбестігі жоқ.
Егер сіз қандай да бір мəселеде қауқарсыз болсаңыз,
бұл жағдайды əлдекім бастан өткеріп қойған. Мысалы,
адамдар ақшаларын жоғалтқан, ажырасқан, өз өмірлерінде
түрлі қиын кезеңдерді бастан өткізген деп ойлаңыз.
Əрдайым белгілі бір жағдайдан шығудың жолы болады.
Өмірде бəрі кездеседі, сондықтан сіз болмаған жайтқа тап
болсаңыз жəне не істеріңізді білмесеңіз, ондай қиналысты
іште сақтамаңыз, ондай тəжірибесі бар адамдарға жүгіну
арқылы шешу жолдарын іздеңіз. Сократ айтқандай,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет