Халықаралық
нарықтың
ойыншысына
қалай
айналуға
болады?
Біз өз өнімімізді өндіріп бастағанда, бірден
бəсекелестерден
ерекшеленейік
деген
стратегияны
таңдадық. Біріншіден, қолға алғанымыз – қанағаттанбаған
қажеттілікті таптық. Нарықта ол кезде ТМД-дың
техникалық стандарттары мен кеңестік дəуірден бері
зауыттарда тұрған жабдықты білмейтін халықаралық
компаниялар
болды.
Мұның
қиын
тұсы:
жаңа
технологиялар ескі жабдықпен тікелей біріктірілмейді.
Оның үстіне, кез келген кəсіпорында диспетчерлік
байланысты барлық цехта бірден ауыстыру мүмкін емес
болатын. Алдымен бір цехтағыны, кейін қалғанын
алмастыру керек болды. Ең бастысы, жұмысты
жүргізгенде, зауыт тіршілігін тоқтатпай, диспетчер барлық
цехтан үздіксіз ақпарат алып отыруы тиіс.
Барлық нұсқаларды ойластырып жəне бүкiл кəсіби
шеберлігімізді салып, нəтижесінде кəсіпорындарға арнайы
шлюздер ұсындық. Олар тұтастай зауыттың жұмысына
ықпал етпестен, жабдықтарды орнатуға мүмкіндік береді.
Клиенттердің басты қажеттіліктерін түсініп, оларға
ыңғайлы, сонымен қатар бірегей шешімді көрсеттік –
бұрын оларға мұндай ұсыныс түспеген.
Біртіндеп
клиентеріміздің
барлығына
арнайы
жабдығымыздағы белгілі бір қызметтерді қосымша
орындай
алатынымызды
түсіндік.
Тіпті,
бəсекелестердікінен екі есе көп функцияларды жасай
аламыз жəне бұл тапсырыс беруші үшін əлдеқайда
ыңғайлы болмақ. Біз басқа компаниялардың жабдықтарын
зерттедік, əрбір бəсекелестің тəжірибесін жинақтадық
жəне соларды өз өнімімізге енгіздік.
Біз бірқатар бəсекелік артықшылықтар жасай білдік
жəне басқаларға қарағанда жылдамырақ болдық. Жаңа
технологиялар нарыққа жыл сайын келіп отырады, жаңа
процессорлар, жаңа чиптер пайда болады, əзірлеушілер
бір орында тұрып қалмайды. Алайда, барлық компаниялар
оларды жылдам енгізе алмайды, көпшілігінде тіпті ондай
мақсат жоқ, олар бұрын жасағандарына тоқмейілсіп
жатады. Ал біз болсақ, клиенттердің күннен күнге өсіп
келе жатқан талаптарына сай болып, оларға ыңғайлы
болуы үшін ең соңғы технологияларды пайдалануға
тырыстық. Мысалы, барлығы wi-fi сымсыз байланысын
біледі, алайда бізбен бəсекелес компаниялардың ешбірі
қауіпті газды ортада немесе ерекше температуралық
жағдайда жұмыс істейтін өнеркəсіптік кəсіпорындарға
арналған сымсыз құрылғылар шығармады. Кеңселік
шешімдер бұған жарамайды, оған арнайы жабдық қажет.
Біз бұл опцияны жабдығымызға енгізе алдық. Бұл
клиенттерімізге оны орнатуға байланысты кететін
шығындарды төмендетуге мүмкіндік берді. Кез келген
кəсіпорын үшін кабель жүргізу, орнату жұмыстарын
жүргізу – өте қымбат дүние, үлкен шығын. Ал біз тың
шешімдер шығарып, сапалы жабдық ұсындық. Осылайша,
ТМД нарығында осы саланың үздігіне айналдық.
Халықаралық нарыққа шықпас бұрын ауыр индустрия
жəне көлік кəсіпорындары үшін басты еуропалық
өндірушілер
ұсынған
байланыс
жүйелерінен
ерекшеленетін қызықты шешімдер іздедік. Көп ұзамай,
сəтін салды. Бізге бəсекелес бір неміс компаниясының
басты үлескері дүниеден озғаннан кейін, жұмыс жүргізіп
отырған бас директордың стратегиясымен келіспеген жаңа
құрылтайшылар оны жұмыстан шығарып жібереді. Осы
мүмкіндікті пайдаланайық деп, оны өзімізге шақырдық.
Ондағы ойымыз жолға қойылған арна бойынша жұмысты
бастап кетіп, халықаралық нарыққа шығу болатын. Біз
мұны үздік əрі жылдам шешім болады деп ойладық.
Алайда, жоспарымыз жүзеге аспады. Жаңа директор
ұсынған тиімсіз тұжырымдамаға екі жылымызды
жоғалттық, нəтижесінде өз пайымымыздың əлдеқайда
тиімді екеніне көз жеткіздік.
Көп дүниені əріптестік барысында түсіндік, атап
айтқанда, жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігін
қаперге алып, бірегей шешімдер тауып отырамыз. Нақты
нəтижелерді көре алмаған соң неміс топ-менеджерінің
қызметінен бас тарттық. Оның тигізген жалғыз пайдасы –
біздің тұтас бір жыл уақытымызды алған халықаралық
үлгідегі сертификаттың алынуы болды. Бұдан шығатын
қорытынды, батыстық топ-менеджерлер əрқашан да
көзқарастары мен жұмыс тəсілдері іс жүзіндегі жағдайға
сəйкес келетін үздік басқарушылар бола бермейді. Бұл
əсіресе, аға буын директорларға қатысты.
Жалпы, клиенттерімізге «барлық шешімдердің ішінен
үздігін ұсыну» стратегиясының арқасында əрі қарай
жылжып, халықаралық нарыққа шығу үшін бірнеше жыл
керек болды. Еңбегіміздің нəтижесін көрер сəт 2007 жыл
туды. Бізді ғаламтордан тауып алған мексикалық компания
дилеріміз болуға ниет білдірді. Сол кезде адамдардың
бізбен серіктес болу үшін мұхит асып келгеніне таң
қалдық. Алайда, осы шетелдік фирма тарапынан болған
қызығушылық өніміміздің бəсекелік артықшылықтарға ие
екенінің,
халықаралық
нарыққа
батыл
шығуға
болатынының белгісі болды.
Алдымен біз дилерлік желі құрып бастадық, себебі
шетелде өкiлдiктерiңдi ашу өте қымбат. Бірінші кезеңде өз
қаражатымызды
құюға
асықпадық,
дилерлермен
əріптестіктің өзі жеткілікті болды. Кейін бизнес дөңгелене
бастағанда, əрбір өңірден өкілдік ашуға бел будық.
Клиенттерге жақындап, олардың қажеттіліктерін түсініп,
сұраныстарына жылдам жауап беру үшін негізгі
нарықтардағы кеңселерімізді аштық. Жағдайды талдап,
стратегияны əзірлеп, (өзіндік «əлемді жаулау жоспары»)
көздеген нүктелерді таңдадық. Еуропаның бүкіл нарығын
негізгі бəсекелестеріміз басып алған еді, сондықтан онда
бармадық. Ал Үндістан – түрлі өндіріс салалары бар үлкен
дамушы нарық. Мысалы, мұнда əлемдегі ең ірі мұнай
өңдеуші зауыт бар, олар да біздің клиенттеріміздің бірі.
Қытайды ұзақ зерттедік, тіпті бірнеше əлеуетті
əріптестермен кездестік. Алайда, жағдайды талдай келе
ойымыздан бас тарттық. Ал Қытай тарапы көшіруге
дайын тұрады. Онда жұмыс бастасақ, өз уақытымызды
жəне өніміміздің бірегейлігін жоғалтып алар едік.
Сонымен, өзімізді дамыту үшін өсу əлеуеті үлкен
жəне бизнесті ашып жүргізу шарттары қолайлы елдерді
таңдадық. Біз Оңтүстік-Шығыс Азияның негізгі қаржы
жəне көлік хабы болып табылатын Сингапурға бардық,
сонымен қатар Үндістан мен Таяу Шығысты таңдадық.
Осы үш нарықта екі миллиардқа жуық адам бар, қазір бар
күшімізді осы аймақта үздік атануға жұмылдырып
жатырмыз.
Бүтінде өз дамуымызды жалғастыра отырып,
Оңтүстік-Шығыс
Азия
үкіметтерінің
бірнешеуімен
құрастыру цехтарын ашудың нұсқасын қарастырудамыз.
Бұл
тəуекелдерді
əртараптандырып,
шығындарды
төмендету үшін қажет. Себебі, дəл жерде бүгінгі озық
технологиялардың барлығы шығуда, компоненттердің
көпшілігі: процессорлар, чиптер, басатын платалар
өндірілуде, мүмкіндіктері зор ең үлкен заманауи станоктар
тұр. Егер өндірісіміз осы аймақта болса, шикізатқа
жақындағаннан басқа, біз еңбек (Азияда жұмыс
сағатының құны біздегіден əлдеқайда арзан) пен
логистикаға (негізгі өткізу нарығына жақындау арқылы)
кететін шығынды азайтамыз. Осылайша, клиенттерге баға
жағынан бұрынғыдан да тартымды бола түсіп, маржаны
көбейтеміз.
Тағы да бір маңыздысы, халықаралық нарыққа шыға
бастағанда бұл меже үлкен зейін мен төзімділікті талап
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |