Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Ең жиі тарайтын қателік – бизнес əлі дайын емес



Pdf көрінісі
бет60/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Ең жиі тарайтын қателік – бизнес əлі дайын емес
кезде қатарынан бірнеше компания құру. 
Өз салаңызда
көшбасшы болмайынша, басқа салалардан жаңа бағыттар
ашудың қажеті жоқ. Əйтпесе, «алты жерден құдық қазып,
су шығара алмайсыз». Біз телекоммуникациялық жүйелер
бойынша өз орнымызды тауып, нығайған соң ғана басқа
салаға бойлап, жаңартылатын қуат көздерімен (ЖҚК)
айналыса бастадық.
ЖҚК – бұл біздің жаңа стратегиялық бағытымыз.
Бүкіл əлемде бұл сала үшін қандай əлеует бар екенін көріп
отырмыз, 
сондықтан 
шикізаттық 
энергетикадан
болашақтың жаңартылатын «жасыл» энергиясына өтуге өз
үлесімізді қосқымыз келеді. Қазір Қазақстанда күн жəне
жел электр стансаларын салу бойынша жобаны, сондай-ақ
Оңтүстік-Шығыс Азияда бірқатар жобаларды дамытып
жатырмыз.
Əлемдік нарыққа қалай шығу
керек?
Кəсіпкерлермен араласып жүріп, көбісінің өз бизнесін
басқа құрлықтар былай тұрсын, тіпті көрші елдердің


нарығында дамытуды ойламайтындарын байқаймын. Жас
бизнесмендер өз өнімдерінің өзге қоғам үшін құнды
боларын ойлай бермейді. Мұнысы бекер. Себебі, кейде
жай ғана йогурт шығарып қана көршілес елдерді жаулап,
саланың көшін бастауға болады. Мен АҚШ-та «2013
жылдың жыл кəсіпкері» болған Хамди Улукайя есімді
қарапайым түрік жігітінің əрекетіне тəнті боламын.
Америкаға көшкен Улукайя нарықты зерттеп, онда бал
мен жемістер қосылған тəтті түрік йогуртының жоқ екенін
түсінеді. Тың саланы бастап, алты жылға жетпейтін уақыт
ішінде ол сүт өнімдерін өндіретін фабриканы жылына бір
миллиард доллардан артық табыс əкелетін бизнеске
айналдырды. Телеарналарда жарнамасы қаптап жүрген
алып бəсекелестері сияқты дамуға көп ақшасы болмаған
Улукайя, олармен тайталаспай, өз жолымен жүрді.
Facebook əлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашып,
күн сайын клиенттермен сөйлесе отырып, əрбір таңды
денсаулықтарына пайдасы тиетін дəмді өнімнен бастауды
насихаттады. Жəне оның мұнысы көпшіліктің көкейіне
жетті: олар йогуртты емес, сау əрі бақытты болу идеясын
сатып алды. АҚШ-тағы үлкен жетістігінен кейін ол Азия
мен Латын Америкасы нарықтарына – Сингапурға,
Малайзияға, Панамаға шықты. Бұл жігіт жүріп өткен жол
болашақты бағамдасаң, тіпті қарапайым өніммен-ақ
əлемді жаулап алуға болатынын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет