Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Сізге де өз өніміңізді ерекше ұсынып, оны сəнге айналдырып



Pdf көрінісі
бет61/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Сізге де өз
өніміңізді ерекше ұсынып, оны сəнге айналдырып,
табысты болуға кеңес беремін.
Нарыққа шыққанда пайымдап, өніміңіздің бəсекеге
қабілетті болуы тиіс екенін түсінуіңіз керек. Егер сіз
ұдайы бəсекеге қабілетті болу туралы ойлап, өз
тауарыңызды немесе қызметiңiзді жетілдіруге тырысатын
болсаңыз, 
бизнесіңіз 
үшін 
бұрынғыдан 
көбірек
мүмкіндіктерді көретін боласыз, елдің шеңберінен шығып,
компанияңызды 
ойламаған 
биіктерге 
көтеруге
көмектесетін жаңа идеялар пайда болады.
Мен барлық кəсіпкерлерге стратегиялық тұрғыдан тек
өз қаласын немесе мемлекетін қарастырмауға кеңес


беремін. Ауқымды ойлап, əлемді кең перспективада көру
қажет, оның үстіне біздің Қазақстан мен ТМД нарығы
ондай үлкен емес. Мен халықаралық нарыққа тек ұдайы
ауқымды мақсаттар қойып, жыл сайын оларды жүзеге
асыруға тырысудың нəтижесінде шыға алдым. Егер
олардың барлығын бірден 100 пайызға орындай алмасам
да, бəрібір жоспарлағанымнан көбірек нəтижеге қол
жеткіземін. 
Мақсат неғұрлым биік болса, соғұрлым
үлкен нəтижеге жетесің.
Алайда кез келген мақсатты өзіңнің нақты жоспарыңа
қарай қойып, қазір қолыңда бар қаржылық ресурстарға
сай қимылдау керектігін есте сақтаған жөн. Жүзеге асыру
үшін қазір қалтаңда жоқ миллиондарды талап ететін
арманды сызудың не қажеті бар! Көрпеңе қарай көсіліп,
жоспарыңды біртіндеп құрып, тартылған қаражатты іске
жұмсап, серіктестер тарту керек. Сонымен қатар жаңа
нарыққа шыққанда дəл сол елдегі ойын тəртібін мықтап
біліп алған жөн. Ол үшін елшіліктердің қолдауына, сауда-
өнеркəсіптік палаталарға, форумдарға жəне түрлі бизнес-
неткворкингтік алаңдарға жүгінуге болады.
Біз əлемдік деңгейге шығып жұмыс істей бастағанда
талаптарды клиенттердің өздерінен біліп отырдық.
Клиент-компаниялардың 
өкілдерімен 
келіссөздер
барысында, əріптестікті бастау үшін не керектігін
сұрайтынбыз. Олар: «бізге мынадай сертификaт керек»
немесе «біздің мақұлданған тасымалдаушыларымыздың
тізіміне (вендор-парақ) кіру үшін сіз осындай сынақтардан
өтуіңіз керек, сертификаттар ұсынуыңыз қажет» дейтін.
Əрбір мемлекеттің сіздің өніміңізге қоятын өз талаптары
болады, ал кейбір сертификаттар тек бірнеше елдерде
жарамды болуы мүмкін, сондықтан егжей-тегжейін білу
керек.
Халықаралық 
нарыққа 
шыққандағы 
өз
тəжірибемізден айтқым келетіні: сатушылар жабдықтың
мүмкіндіктерін клиентке көрсетуі үшін көрсетілім
үлгілері, өнімнің демоcеттері қажет. Онсыз болмайды.
Кейбір шетелдік кəсіпорындар үшін бірінші кезекте


жеткізушінің жергілікті серіктесінің немесе өзіндік
кеңсесінің болуы міндетті. Ол біз секілді жабдықтың
қызметін жылдам өзгертіп, қайта орнату үшін ыңғайлы.
Клиентке ең алдымен, жылдам əрі сапалы қызмет
ұсынғанымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет