жұмыс істеуге тамаша жағдай жасалатын арнайы аймақ
еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін,
көптеген дарынды,
біліктілігі жоғары халықаралық мамандарды тартады.
Мен бірнеше жыл бұрын қазақстандық-сингапурлық
форумды ұйымдастырдым, бірлескен кəсіпорындар құрып,
технологиялар берілуі үшін
сингапурлық инвесторларды
əкелдім. Біздің экономикамызға инвестиция құюға дайын
адамдар бірқатар түйткілдерге тап болды. Ондағысы:
тікелей рейстердің жоқтығы жəне мультивизаны алудың
мүмкін еместігі. Ал бұл кез
келген инвесторға қалаған
сəтінде ұшып келіп, өз бизнесін, өз салымын бақылап тұру
үшін өте маңызды емес пе? Біздің шенеуніктер сол кезде
маған «сингапурлықтарға мультивиза рəсімдеу мүмкін
емес», – деді Бұл түйткілге тап болғаннан кейін мен
жағдайды жақсарту бойынша
ұсыныстарымды Facebook-
ке жаза бастадым. Сол жарияланымдармен жəне
шенеуніктермен кездесулердің арқасында Сингапурға
визаларын тағы 19 ел мүлдем алып тастады! Сыртқы істер
министрі Ерлан Əбілпайызұлы Ыдырысовқа дəлелдеріме
құлақ асып, Сингапурмен визасыз режим жасауға ықпал
еткені үшін алғыс айтамын.
Егер бізде қисынды
ұсыныстарды тыңдап, қабылдайтын осындай министрлер
көп болса, еліміз халықаралық мамандар тұруға тартымды
ел болады. Біз мемлекетімізді мұнайдың, мыстың, кен мен
басқа да шикізаттық қорлардың емес, сауатты кəсіби
мамандардың арқасында жақсарта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: