Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Қандай кəсіптерге назар аударуға



Pdf көрінісі
бет65/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Қандай кəсіптерге назар аударуға
болады?
Бизнестің кез келген саласында шын мəнісіндегі
жақсы идея қандай да бір түйткілге байланысты
туындайды: адамдарға қозғалудың, ақпарат алмасудың
қиын болуы, сапалы өнімдердің, қызметтің жоқтығы жəне
басқа да мəселелер. Сондықтан егер сіз өз кəсібіңізді іздеп
жүрсеңіз, айналаңызға қарап, нақты түйткілді тауып, оны
шешу жолын қарастырыңыз. 
Бұл əлемді жақсартып,


адамдарды бақыттырақ ете алатын идеялар əрдайым
нарықтың сұранысына ие болады.
Өмірдің өзі жиі
мүмкіндіктер береді, тек мұқият қарауымыз керек.
Мысалы, Қазақстан туралы айтатын болсақ, əрине
біздің елдің өз артықшылықтары да бар. Мұндай ұлан-
ғайыр жер кез келген мемлекеттің еншісінде жоқ. Бұл
жерге органикалық өнім өсіріп, өндіруге болады. Мəселе
басқада: біз əлі де өз өндірісімізді дұрыстап дамытпай
отырмыз, бұрынғыша мұнай-газ саласына иек артамыз.
Осы фактордың өзі елдегі кəсіпкерлер санының аздығын
көрсетеді. Евгений Чичваркин айтқандай, 
«елде шұжыққа
алмастыра алатын мұнай болып тұрғанда, ештеңе
өзгермейді».
Алайда, өзінің табысты кəсібін бастағысы
келетін дарынды жастардың арқасында жағдай жақсы
жағына өзгереді деп үміттенемін.
«Қазір əлемде не нəрсеге сұраныс бар?» деген
сауалды 
қарастыратын 
болсақ, 
мен 
органикалық
тамақтану өнімдеріне назар аударар едім. Бүкіл əлемде
халық саны өскен сайын азық-түлікті тұтыну көрсеткіші
де ұлғайып келеді жəне экологиялық тұрғыдан тағамдар
жетіспей жатыр. Сондықтан жерінің көбі ластанбаған
Қазақстан мен Ресейде оны сауатты өңдеп, көкөністі
химикаттарсыз өсіруге мүмкіндік беретін жобаларды
жүзеге асыруға болады. Меніңше, болашақта халықаралық
нарықта экологиялық тұрғыдан таза тамақ өнімдерін
өндірумен байланысты бағыт сұранысқа ие болады.
Велосипедті қайта ойлап табудың керегі жоқ, тек
айналаға мұқият қараңыз, тың кəсіптер көп. Мысалы, мен
ұшақпен аптасына бірнеше рет ұшамын. Сонда
байқағаным: бізде əуежайда да, борттардың өзінде де
отандық тəттілер – джем, балдар жоқ екен. Өзімізде жақсы
жеміс-жидектер, алма, бал бола тұра, тек шетелдікі тұр.
Бар болғаны оларды кішкентай ыдыстарға салып қаптап,
əуе компанияларына ұсыну керек жəне осындай бизнес
түрлері бізде өте көп.
Бəлкім, бір үлесіне ірі халықаралық əуе компаниясы
ие болғысы келетін, осындай ауыл шаруашылығы


кəсіпорнын сіз ашарсыз. Ал əлемдік көшбасшы біздің
сапалы табиғи шикізаттан жақсы органикалық азық-
түлікті өндіре бастаса, отандық өнімімізге тек ТМД-да
ғана емес, бүкіл əлемде сұраныс болады.
Меніңше, тағы бір қызықты бағыттардың бірі – бұл
адамдарға ауырмай, қандай да бір тұқым қуалаушылық
дерттерге шалдықпай өмір сүруге мүмкіндік беретін
биоинженерня. Мұның да болашағы зор, себебі адамдар
сау болғысы келеді. Жастарды осы салаларға мəн беруге,
аталмыш бағыттарда институтта білім алуға шақырамын.
Халық қашанда дəмді тамақ ішіп, аурудан аман болғанды
қалайды. Бұл адамның басты құндылықтары, сондықтан
осы салалар болашақта үлкен сұранысқа ие болып,
дамиды деген ойдамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет