Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Сондықтан, меніңше, қанша ақшаңның бары емес, өзектісі



Pdf көрінісі
бет68/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Сондықтан,
меніңше, қанша ақшаңның бары емес, өзектісі
өзгелерге жасағаның, осы бақытты қолдан ұшырып
алмай, оны көбейту үшін қандай үлес қосатының.


Жақында Алматы түбіндегі жылыжай иелерімен
кездестім. Осыған дейін ол адамдар логистикамен
айналысып келіпті. Бұларына таң қалып, «бұл бизнесті не
үшін бастадыңыздар?» деп сұрадым. Олар: «біз
денсаулығымыз туралы ойлана бастадық, химикаттарға
толы сапасыз өніммен тамақтанғымыз келмейтінін, оны
балаларымызға да бергіміз келмейтінін түсініп, өзіміз
таза, пайдалы көкөністерді өсіруге бел будық», – деп
жауап берді. Олар логистикадан жылыжай бизнесіне
өздерінің жəне басқа адамдардың денсаулығын ойлап
келіпті. Миссия деген де осы!
Тіпті шағын наубайхана, баспахана, гүл өсіретін
жылыжай ашып та, сіз бірнеше жұмыс орнын құрасыз,
қызметкерлерге қызықты іспен айналысуға жəне табыс
табуға мүмкіндік бересіз, бастысы – клиенттердің
мəселелерін 
шешесіз, 
осылайша 
өз 
өміріңізді
жақсартасыз. Өз бизнесіңізге осы тұрғыдан қараңыз, сол
кезде адамдарға көп пайда əкелетініңізді көресіз жəне
əлем үшін одан да көп жақсылық жасай аласыз.
«Жыл кəсіпкері» болу деген нені
білдіреді?
2012 жылы маған Ernst & Young халықаралық
аудиторлық компаниясы 1986 жылдан бері өткізіп келе
жатқан «Жыл кəсіпкері» халықаралық байқауына қатысуға
ұсыныс білдіргенде, оған дейін мұндай шараларға
қатысып көрмеген болатынмын. Посткеңестік кеңістіктегі
барлық конкурстар сатып алынады. Кім көбірек төлесе,
сол сыйлықтың лауреаты болады деп санайтынын. Сені
шын мəнісінде кəсіпкер ретінде бағалайтын тəуелсіз
конкурстар көп емес. Сондықтан əлемнің 50-ден астам
елінде өтетін, бизнес əлеміндегі «Оскар» іспеттес «Жыл
кəсіпкері» жобасы менің қызығушылығымды туғызды.
Мені сол кезде бірнеше аталым бойынша шығарды.
Ұйымдастырушылармен əңгімелескенде олар үшін тек
сенің қалай өскенің, қаржылық көрсеткіштеріңнің қандай


екені ғана емес, сондай-ақ қандай өнім жасағаның,
қаншалықты бəсекеге қабілетті екенің, халықаралық
нарыққа шығуың, қандай əлеуметтік жауапкершілік
арқалайтының маңызды болғаны көңілге қонды.
Конкурстың қазылар алқасында өз тəжірибелері
негізінде адамның қандай пайдалы іс жасағанын
анықтаған танымал кəсіпкерлер, миллиардерлер болды.
Егер ол жай шикізат сатса, асқан ештеңе ойлап тапқан
жоқ, ал дүниежүзінде табысқа ие бəсекеге қабілетті өнім
шығарса – бұл құрметтеуге лайық. Ұйымдастырушылар
бизнесмендердің болашақ жаңа буынына белгілі бір
əкімшілік 
ресурстардың 
болуын 
емес, 
өшпейтін
кəсіпкерлік рухтың, білім мен құзыреттіліктердің
маңыздылығын көрсетпекші болды.
Шынымды айтсам, жүлделі боламын деп ойламаған
едім. 
Конкурста 
миллиардтаған 
айналымы 
бар
компаниялар болды бірінші кезеңде осы іріктеудің басты
талабы болады деп ойладым. Алайда, бұл тəуелсіз байқау
жəне ұйымдастырушылар елді жекешелендіруге қатысқан
емес, əлемде бəсекеге қабілетті өнім жасай білген шын
мəнісіндегі кəсіпкерлерді тауып, моральдық тұрғыдан
қолдауға тырысады.
Марапатты 
алғанда 
жұмысымды 
тəуелсіз
сарапшылардың мойындағанын алғаш сезіндім, өз
командама деген алғысым шексіз болды. Расында оларға
менімен жұмыс істеу оңай емес, себебі үлкен талаптарды
өзіме ғана емес, оларға да қоямын. Егер бізде қандай да
бір жетістікке жету жоспарланса, оны өзімнен ғана емес,
барлығынан талап етіп шығамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет