Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Мен үшін өмірдің мəні – адамдарға



Pdf көрінісі
бет71/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Мен үшін өмірдің мəні – адамдарға
бақытты болуға мүмкіндік беру.
Соған қарамастан көпшілігі неліктен Қазақстанда
тұрмайтынымның себебін сұрап, тіпті ол аздай өзге елде
өмір сүру – патриоттықтың белгісі емес деп айтып
жатады. Ал мен оларға: «сіздер сонда өз елінде тұрып,
мемлекеттің, қоғамның дамуы үшін түк істемейтіндерді де
патриот деп айтасыздар ма?» деймін. Менің ойымша, еш
жұмыс бітірмей, диванда жататын ол аздай мемлекеттің
жəрдемақысына немесе туыстарының арқасында күн
көретін мұндай «патриоттар», айналасына тек зиянын
тигізеді. 
Патриот дегеніміз – өз бастамасымен елі үшін
шынайы істер атқарған адам. Ол үшін міндетті түрде
туған жерінде тұрудың қажеті жоқ екенін түсіне білу
қажет.
Қазір бизнесімде шекара жоқ. Өзім Сингапурда
тұрып, əлемді көп аралаймын. Алайда Қазақстанға жиі
келіп тұрамын, кəсіпорындар қызметкерлері мен
бизнесмендерге арнап кеңестер беремін. Мұнда жастарды
үйретемін, 
жұмыс 
орындарын 
ашамын, 
жаңа
технологиялар əкелемін, салық төлеймін. Сонымен қатар
өз елінің туын бүкіл əлемге танытқан адамдарды патриот
деп атаймын. Олар халықаралық байқауларда, спорттық
жарыстарда жеңіске жетіп, бірегей жəне пайдалы жаңа
өнімдер мен технологиялар жасап, мəдениетімізді жақсы


жағынан көрсетіп, өз Отанымыз туралы жақсы пікірдің
қалыптасуына септігін тигізуде.
Сондай-ақ менен жиі қайырымдылық туралы, атап
айтқанда, нақты адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін
қаржыландыра аламын ба, соны сұрайды. Иə, біз тұрақты
түрде бірқатар жобаларға қолдау білдіріп отырамыз.
Алайда, оны жарнамаламауға тырыспаймыз. Ол туралы
сирек айтамын, бірақ мақсатты түрде мүмкіндігі шектеулі
жарымжандарға көмектесіп тұрамыз. Десе де дендері сау
жас студенттер менен қандай да бір жобаны
қаржыландыруды сұрағанда: «ренжімеңіздер, бірақ қазір
гранттар, 
тегін 
конкурстар 
көп, 
қатысыңыздар,
қабілеттеріңізді дəлелдеңіздер, мен сіздерге уақыттарыңыз
бен ақшаларыңызды үнемдейтін кеңес бере аламын», –
деп жауап беремін. Ең алдымен біз мүмкіндігі шектеулі
адамдарды, бірінші кезекте негізгі өмірлік қажеттіліктерге
мұқтаж балаларды, төтенше жағдайлар, лаңкестік
əрекеттер салдарынан зардап шеккен, ауыр оталарды
бастан өткізген адамдарды қаржыландырамыз.
Бұл өмірлік ұстанымымыз, оны қызметкерлер де
қолдайды. Əлеуметтік жауапкершілік танытуды өзіміздің
парызымыз деп білеміз, осылайша қоғамға өз үлесімізді
қосамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет