құнсыздануына жол беріп отыр. Ал шикізаттық саладан
тыс жатқан шағын жəне орта бизнестің үлесі бар болғаны
20%-ды ғана құрап отыр. Олар өз күндерін өздері көріп,
барынша тырмысып жатыр.
F: Сіз мемлекеттік қолдау механизмінде қандай да
өзгеріс енгізер ме едіңіз?
«Даму»
қоры кімдерге несие, кімдерге кепіл беру
керектігін білу үшін ортақ электронды порталды іске қосу
керек. Онда мемлекеттен қарыз алғысы келетіндердің
барлығының өтініші тіркелсе. Өтініштерді қарау мерзімі –
3-5 күн аралығында болу қажет.
Сондай-ақ банктердің де дереу үн қатқаны дұрыс.
Клиент кредитордың артынан, ал банктер қарыз
алушының артынан жүгіріп жүрмес үшін
бір апта ішінде
жауап берілуі тиіс. Тапсырған құжаттары талапқа сай
келеді ме? Қаржылық ұйымдардың арасында сонда
шынайы бəсеке пайда болады. Ал теңге өтімділігі
жетіспей
тұрғанда,
ашықтық
болмағанда
кімді
қаржыландырасың? Бұл мəселені көтерген болатынмын.
Осыған орай тиісті жобаны жуырда жүзеге асырмақпыз.
F.
Яғни
мемлекеттік
қолдауға
жүгінген
бизнесмендердің негізгі мəселелері осы ма?
– Иə, кəсіпкерлер «банктер құжаттарды ұзақ қарайды,
сенбегендіктен сұмдық кепілдемелер сұрайды», – дейді.
Соған қарамастан «Даму» қоры, кəсіпкерлер екінші
деңгейлі банктерге қойған кепіл құнының 85
пайызына
кепілдеме беруге де дайын. Бұл – бизнес үшін керемет
мүмкіндік. ТМД-да мұндай жеңілдік ешкімде жоқ. Соған
қарамастан банктер өз қаражаттарын шығарғысы, нарыққа
құйғысы келмейді. Тек доллармен бергенді қалайды.
Мұнан экономика зардап шегеді.
Көптеген банктер тіпті айналымдағы қаржыны да
несиелердiрмейді. Ал бұл мақсатқа алдымен табысты
компанияларға бірінші кезекте қарыз беру керек. Егер
бизнесмен жыл өткен сайын өз кəсібін дөңгелентіп келе
жатса, оған неге несие бермеске?
Елестетіп көріңіз, ол
«Самұрық-Қазынаның» тендерін ұтып алды. Алайда,
келісімшарт талабы бойынша қор алғашқы ақы ретінде
келісілген соманың тек 30 пайызын ғана береді. Жобаны
орындау үшін бизнесмен құрылғы сатып алуы керек. Оған
келісілген қаржының 70-80 пайызы кетеді. Кəсіпкер ондай
қаражатты
қайдан
алады?
Бұл
дегеніміз
кей
шенеуніктеріміздің шынайы өмірден тым алыстап кетіп,
мүмкін емес қиын ережелерді жасап қойғанының салдары.
F: Қалай ойлайсыз, қазіргі дағдарыс бұрынғыларға
қарағанда қаншалықты қиын болады?
– Барлық дағдарыстан кейінгі түйін біреу. Сəтсіз
компаниялар кетеді, ал табыстылары қалып, ізінше дереу
дамиды. Сондықтан мұндай кезеңді мүмкіндіктер уақыты
деп бағалау керек. Бастысы – несиеге кіріп кетудің жəне
тұрақты əрі бəсекеге қабілетті болуға итермелемейтін
бастамаларды қаржыландырудың қажеті жоқ. Мəселен,
қаражатты білімге, компанияның дамуына салып,
қымбат
пəтер немесе көлік алуға ақша құюдың керегі жоқ.
F: 2015 жылы сізбен Мəскеуде «Сколково» бизнес-
мектебінің туған күнінде кездесіп едім. Біз онда ресейлік
бизнесмендердің валюта, мұнай, дағдарыс секілді
тақырыптардағы əңгімелерін көп естідік. Сонда көзім
жеткені, «баспаға басудан бөлек» түсінгенім, көптеген
кəсіпкерлер болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды
екен. Қол қусырып отырмайды, инвестиция iздеп, дамуда.
Ал БАҚ-да бизнесмендердің ыңқыл-сыңқылын көп естиміз.
Неліктен?
– Бəсекеге қабілетті емес адамдар көп шағымданады.
«Ойында» барлығына
бірдей жағдай жасалып тұрғанда,
тек мықтылар ғана дамудың жолын тауып, бизнесін алып
шығады. Ал жағдай əрқалай болса, онда əңгіме басқаша.
Мысалы, біреулерге тауық етін əкелуге тыйым салып
жатады, ал біреулерде оған квота бар. Қойылатын талап
бəріне
бірдей
болу
керек,
сонда
бизнесмендер
шағымданбайды.