Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет82/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

МЕНІҢ ƏДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІМ 
1. «Өмірді жеңіл сүр» – Эндрю Мэтьюз
Менің сүйікті кітаптарымның бірі. Жетістікке жетуде
бастысы – бұл біздің ұмтылысымыз бен жетістікке
бағытталған жарқын ойлауымыз екеніне тағы да сендіреді.
2. «Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз» – Кейт
Феррацци
Өмірде бар адамдардың шынайы өмірдегі оқиғалары
жазылған кітаптарды əрдайым қызығып оқимын. Бұл
нағыз, «таза» қарым-қатынастардың маңызды екені жəне
жеке байланыстардың көп нəрсені шешетіні туралы кітап.
Оқуға кеңес беремін!
3. «Менің өмірім, менің жетістіктерім» – Генри
Форд
Мен жиі табысты адамдардың өмір жолын оқуға
кеңес беремін. Мен үшін үлгі боларлық адамдардың бірі –
өзінің 
ақылы 
мен 
еңбексүйгіштігінің 
арқасында
мультимиллионер атанған, шағын шеберханадан ірі
корпорация құра білген Генри Форд. Осы кітаптан сіз
оның қандай өнертапқыш, кəсіпкер, басқарушы болғанын
білесіз.
4. «Ішкі түйсік бəрін шешеді» – Джон Кехо
Кітап табысты, толыққанды, іскер адам болу үшін
өзіңді, ішкі түйсігіңді өзгертуге шақырады. Оқып
шыққаннан кейін сіз барлық түйткілдің шын мəнісінде
шешім табатынын, ал барлық армандар мен мақсаттардың
жүзеге асатынын түсінесіз. Осы кітапқа арнайы уақыт
бөлсеңіз, оған өкінбейтініңіз анық.
5. «Үшіншіден бірінші əлемге айналу. Сингапурдың
тарихы» – Ли Куан Ю


Бұл кітапты міндетті түрде оқып шығу керек! Ұлы
адам, Сингапурдың бұрынғы премьер-министрінің абырой
мен табысқа қалай жету керектігі туралы ғибрат аларлық
ойлары. Аз уақыт ішінде табысты мемлекетті қалай
құрды, Сингапур бизнес жүргізу рейтингі бойынша
бірінші орынға қалай шықты? Əрбір мемлекеттің өз жолы
бар, алайда оны жүріп өткен адам ғана біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет