Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Білімсіздік пен құзыреттіліктің болмауы – бұл кедейлік, ал



Pdf көрінісі
бет67/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Білімсіздік
пен құзыреттіліктің болмауы – бұл кедейлік, ал
керісінше олардың болуы – ауқаттылық 
деп санаймын.
Сондықтан басқа адамдармен өз біліміммен жəне
тəжірибеммен бөліскен кезде, миссиямды орындап
жатқанымды сезінемін, содан қанаттанамын.
Адамдар сауатты қызықты сұрақтар қойып, кеңес
сұрап, кейін оны өз өмірінде жүзеге асырып, жақсы
нəтижеге жетіп жатқанда, төбем көкке жетеді. Сондықтан
менторлықпен қуана- қуана айналысамын, өңірлерде дəріс
оқимын, «Дамумен» бірге жоғары оқу орындарында
бизнес негіздеріне енгізу бойынша, пилоттық жоба əзірлеп
жатырмыз. Мен бұл мəселені өте маңызды, санаймын,
себебі егер біз ондай білім беру жүйесін құра алсақ,
бизнес құзыреттіліктерді дамытып, кəсіпкерлердің тұтас
буынын 
өсіріп 
шығарамыз. 
Жаңа 
компания
құратындардың барлығы, сонымен қатар олардың болашақ
қызметкерлері де кəсіпкерлік жайлы білім алғанын
қалаймын. Бұл жастардың арасында бизнестің қадірлі əрі
тартымды көрініп, оларда кəсіпкерліктің қызықты,
сонымен қатар жауапкершілігі мол іс екені жайлы түсінік
қалыптасуы үшін қажет.


Менің осы бағыттағы алға қойған мақсатым –
елдегі кəсіпкерлік саласындағы шағын жəне орта
компаниялардың үлесі 50 пайызға дейін жетіп, демек
үш есеге дейін өсетіндей деңгейге жеткізу. Бұл өте
үлкен мақсат, алайда қазір бар күш-жігерімді соған
қол жеткізуге бағыттаудамын.
Өмірдің мəні неде?
Сіз дəл қазір кітапты қоя тұрып, озіңізге келесі
сұрақтарды қойып көріңізші: Өз өмірімде мəні бар не
жасағым келеді? Ол үшін маған не керек? Мен қашан
бастаймын? Алдағы жылда не жасаймын? Күнделікті
күйбең тірліктен бір сəтке босап, аялдап, өміріңнің мəні
жайлы ойланған дұрыс. Осы университетке немесе осы
жұмысқа не үшін барып жүрмін? Жасап жатқаным менің
миссияммен жəне арманыммен сəйкес келе ме? Осы
сұрақтарға жауап беріп қана, өз уақытыңызды басты
мақсатыңызға жақындататын іске арнап жатқаныңызға
сенімді боласыз.
Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі өмірдің мəні
туралы ойлана бермейді, олардың миссиялары мен
армандары жоқ, сол себепті де өмірлері текке өтеді.
Алайда, осы кітапты оқып отсаңыз, демек сіз ол топқа
жатпайсыз деген сөз. Керісінше, əлемді өзгертуге, өз
ауданыңызға, қалаңызға, өзіңіз тұратын елге пайда əкеле
аласыз. Тек өз өміріңе қарап, мүмкіндіктерді көре білу
қажет.
Бүгінде əлемде жағымсыз жайттар көп. Соғыс,
табиғат апаттары, лаңкестік əрекеттер. Осы жағдайларға
қарап, адамның бақыты – сүттей ұйыған бейбіт өмірде,
балалардың күлкісінде, достық қарым-қатынас пен
денсаулықта екенін түсіну маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет