2) Ол мақсаттарды қағаз бетіне түсіресіз бе?
3) Бұл мақсаттарға қол жеткізу бойынша жоспарыңыз
бар ма?
Нəтижесінде студенттердің 3 пайызы мақсаттарын
қағаз бетіне жазып, оны жүзеге асыру бойынша
жоспарларын
əзірлеген.
13
пайызы
мақсаттарын
айқындаған, алайда қағаз бетіне түсірмеген. Ал
студенттердің қалған 84 пайызының мүлдем мақсаты
болмаған, сол сəтте оларды тек ойын-сауық қызықтырған.
1973 жылы араға 20 жыл салып, зерттеушілер дəл сол
адамдарға қайта сауалнама жүргізіп, алдына жоспар
құрғандар мен құрмағандардың
арасындағы жер мен
көктей айырмашылықты байқаған. Мақсаттары бола тұра,
оны қағаз бетіне айқын түсірмеген баяғы студенттердің 13
пайызы алдына мүлдем мақсат қоймаған 84 пайызға
қарағанда екі есе көп табыс табады екен. Ал ең қызығы: өз
арманын қағаз бетіне түсірген 3 пайыз курстастарының
қалған 97 пайызына қарағанда, орта есеппен он есе көп
табыс тапқан.
Бұл нақты мысал жəне ескірмейді. Мен сіздерді өз
жолыңыз туралы ойлануға,
басымдықтарды таңдап,
бақытты болуға шақырамын. Егер менің кітабымды оқып
шығып, «Жетістікке жету күнделігін» қолға алсаңыз, өз
бақытыңызды жоспарлап, күн сайын сізді арманыңызға
жақындататын қадамдар жасасаңыз, бұл басты жеңісіңіз,
өзіңізді жеңгеніңіз болмақ.
Қандай да бір сəттілікті күтпеңіз. «Табысты
адамдардың жолы болған, олар
керек кезде керек жерден
табылған» деп ойлайтындарды жиі кезіктіремін. Шын
мəнісінде сəттілік – ол табыстың бір пайызы ғана. Нағыз
табыс сіздің жолыңыз болғандықтан емес, ұзақ əрі
қажырлы еңбек еткеніңіз үшін келеді. Кім жақсы жұмыс
істесе, білім алса, үнемі жетіліп отырса, сол табысқа
жетеді.
Жетістік сізге жақсы бизнес құрсаңыз немесе өз
салаңызда білікті маман болсаңыз келеді. Сол кезде өзара
араласатын, түрлі бизнес-қауымдастықтарға
кіретін
табысты кəсіби шеберлер сізді маман ретінде ұсына
бастайды. Ал атыңыз кəсіби ортада құрметке лайық
болған кезде ерте ме, кеш пе, табысқа кенелесіз: сізге
тамаша жұмыс, қызықты жоба, тиімді серіктестік
ұсынады. Бастысы, сіз өзіңізді сол сəтке дайындап, кəсіби
шебер ретінде қалыптасуыңыз керек.
Бизнестегі 25 жылдық тəжірибеме сүйенсем, арман
неғұрлым үлкен болса, оның жүзеге асу мүмкіндігі де
жоғары екен. Сондықтан берер кеңесім, өз алдыңызға биік
міндеттер қойыңыз, олар сізді жоғарырақ деңгейге
шығарады. Сіздер сияқты
оқырмандарымның арасынан
болашақ кəсіпкерлер, кəсіби басқарушылар, бизнестің
түрлі саласындағы сарапшылар шығатынына сенімдімін.
Сіздерге тілерім: тұлға ретінде қалыптасыңыздар,
армандарыңызға қол жеткізіңіздер, бойларыңыздағы бар
əлеуетті жүзеге асырыңыздар, тəуелсіз əрі
бақытты
болыңыздар. Бəрі өз қолдарыңызда!
Ізгі тілекпен, Серікбай Бисекеев