алатынымызды көрсетуге тиіс болдық. Өзіміздің бүкіл
ішкі ресурсымыз бен əлеуетімізді пайдалана отырып,
импорттық жабдықтың дилерінен бастап, əлемде өзін
мойындатқан
өнеркəсіптік
нысандарға
арналған
телекоммуникациялық жүйе өндірушісіне дейінгі жолды
жүріп өттік.
Біздің жағдайымыз көпшілік айналыса бермейтін
кəсібі бар компанияның, мемлекет қолдауынсыз-ақ, өз
күшімен халықаралық деңгейге шығып, табысты бола
алатынының куəсі.
Өз тəжірибемізден тəуелсіз болуға болатынын, кез
келген қауіптерді, оның ішінде саяси қауіптерді
əртараптандырып, əр елден табыс тауып отыру мүмкін
екенін көрсетіп отырмыз.
Біздің холдингтік компанияның қазір Сингапурда
орналасқанына қарамастан, əлемнің кез келген жерінде
табысты жұмыс істеп, үлкен корпорациялар үшін пайдалы
іс жасап, нарықта сұранысқа ие болып келеміз.
Ciз де алдыңызға мақсат қойып, күн сайын оны
жүзеге асыру үшiн қадам жасайтын болсаңыз, шекарасы
жоқ бизнес құра аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: