нарығында дамытуды ойламайтындарын байқаймын. Жас
бизнесмендер өз өнімдерінің өзге қоғам үшін құнды
боларын ойлай бермейді. Мұнысы бекер. Себебі, кейде
жай ғана йогурт шығарып қана көршілес елдерді жаулап,
саланың көшін бастауға болады. Мен АҚШ-та «2013
жылдың жыл кəсіпкері» болған Хамди Улукайя есімді
қарапайым түрік жігітінің əрекетіне тəнті боламын.
Америкаға
көшкен Улукайя нарықты зерттеп, онда бал
мен жемістер қосылған тəтті түрік йогуртының жоқ екенін
түсінеді. Тың саланы бастап, алты жылға жетпейтін уақыт
ішінде ол сүт өнімдерін өндіретін фабриканы жылына бір
миллиард доллардан артық табыс əкелетін бизнеске
айналдырды. Телеарналарда жарнамасы қаптап жүрген
алып бəсекелестері сияқты
дамуға көп ақшасы болмаған
Улукайя, олармен тайталаспай, өз жолымен жүрді.
Facebook əлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашып,
күн сайын
клиенттермен сөйлесе отырып, əрбір таңды
денсаулықтарына пайдасы тиетін дəмді өнімнен бастауды
насихаттады. Жəне оның мұнысы көпшіліктің көкейіне
жетті: олар йогуртты емес, сау əрі бақытты болу идеясын
сатып алды. АҚШ-тағы үлкен жетістігінен кейін ол Азия
мен Латын Америкасы нарықтарына – Сингапурға,
Малайзияға, Панамаға шықты. Бұл жігіт жүріп өткен жол
болашақты бағамдасаң,
тіпті қарапайым өніммен-ақ
əлемді жаулап алуға болатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: