компанияға да, қаржылық тұрғыдан сізбен жұмыс істеу
тиімдірек. Алайда, тағы бір маңызды мəселе – сервис.
Егер сізде клиент болмаса, олардың əрқайсысына жеке-
дара көңіл бөлесiз.
Мен үлкен клиентпен келіссөзді былай жүргізер едім:
«Біз он компаниямыз,
алайда сізге шығындарыңызды
азайтатын бірегей шешім ұсына аламыз. Бізбен жұмыс
істей бастаған сəтте барлық ресурстар мен сервис, тек
сізге ұсынылады. Ыңғайлымыз,
бұл жобамен жеке-дара
айналысып, оған барлық қызметкерлерімізді жұмылдыра
аламыз. Жұмысқа кіріскен кезде, оны тиімді əрі жылдам
орындаймыз. Соған қарамастан, тапсырыс берушімен ұзақ
мерзімді қатынас құрамыз. Санға жүгірмейміз, біз үшін
бір ірі ойыншымен болса да, сапалы жұмыс істеу
маңызды. Жəне ол Сіз!». Тиімді келіссөздер жүргізіп,
өзімізге
көп
табыс
əкелетін
ірі
клиенттерді
бəсекелестерден осылай қағып түсіңіз.
Осы стратегияны пайдаланғанда жəне ірі клиентті
тартқанда сіз онымен қоса,
өз атыңызға жұмыс істейтін
жақсы жарнама мен абырой жинайсыз. Бизнесте бұл көп
көмектеседі. Алайда, егер берілген тапсырманы орындай
алмасаңыз, сатып алушыға тиісінше қызмет көрсетпесеңіз,
кері əсер, яғни компанияңыз
туралы жағымсыз пікірлер
пайда болады. Сондықтан салмақты ойыншымен жұмыс
бастағанда өз өніміңіз бен қызметіңіздің сапасына көп
көңіл бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: