Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Қазақстанға неге оралдым жəне



Pdf көрінісі
бет70/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Қазақстанға неге оралдым жəне
отансүйгіштік деген не?
Мен өз еліме пайдалы болғым келеді. Адамдарға
көмегім тисе деймін. Егер сен қандай да бір тəжірибе
жинақтасаң, онымен міндетті түрде бөлісуің керек,
əйтпесе, бүкіл өміріңді мəнсіз сүргенмен тең. 
«Бизнесті
қалай құрамыз?» деп келген жастардың жанып тұрған
кездерін, жалынын көргенде, оларға керек болғаныма
қуанамын.
Айтқан 
алғыстары, 
түрлі 
шараларға
шақырғандары, дəріс оқуды өтінгендері қанаттандырады.
Дəріс оқу туралы идеяның өзі 2012 жылы Шанхай
ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) жастар форумында
сөз сөйлеу барысында пайда болды. Əртүрлі елден келген
жастарға кəсіпкерлік туралы айтып беруім үшін, мені
спикер ретінде шақырды. Бұл тақырыптың шетелдік
жастар арасында қандай қызығушылыққа ие екенін сол
кезде көрдім. Барлық елде адамдар өз бизнесін құрғысы
келеді жəне осы тұста оларға əкiмшiлiк ресурссыз,
қолдаусыз, өз бетімен табысты компания құрғандардың
қанаттандыратын əңгімелері керек. Менің өмір жолым
аудиторияда үлкен қызығушылық туғызды, шығып сөз
сөйлегеннен кейін, бір сағат бойы қойылған сұрақтарға
жауап бердім жəне ШЫҰ-на мүше елдерден келіп,
жастарға «Жетістік жолыма» байланысты дəріс оқу жайлы
бірқатар ұсыныстар түсті. Сол кезде мен бұл білімнің
қаншалықты маңызды екенін түсіндім жəне бірінші
кезекте 
осы 
біліміммен 
өз 
жерлестерім 

қазақстандықтармен 
бөліскім 
келді. 
Кейінге
қалдырмастан, келесі айда бірінші дəрісімді өзімнің туған
жерім – Қостанай қаласында бердім. Ізінше өз
студенттеріне «Peсейдің жыл кəсіпкерімен» сөйлесуге
жəне тəжірибе мен шабыт алуға мүмкіндік бергісі келген


Назарбаев Университеті мен басқа да жоғары оқу
орындарынан ұсыныстар түсе бастады. Өз бастамамен ел
аралап, студенттерге дəрісімді тегін оқи бастадым.
Адамдарды менің өмір жолым қатты қызықтырды. Оның
үстіне, менің де өздері сияқты осы жердің баласы екенім
қызықты болса керек. Осы дəрістер еліме пайда əкелсем
деген арманыма бастайтын, алғашқы қадамдар болды.
Пайдалы болу, адамдардың өмірін жақсарту жəне
оларға өз мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу – мен
үшін бақыт, барлық еңбегімнің мəні. Сондықтан бүкіл
əлемдегі адамдарға табысқа жетуге көмектесетін Брайан
Трейси сияқты ұлы тұлғалардың əрекеттері мені
қанаттандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет