Әбілғазы Баһадүрдың «Түрікмен шежіресін», Фирдоусидің «Шахнамасы» мен түрікмен



Дата01.05.2022
өлшемі24,5 Kb.
#141667
Байланысты:
М.Әуезов түркі-WPS Office
Галогендер — Уикипедия, Галогендер — Уикипедия, Галогендер — Уикипедия, 7934c676c563ceddb60617482fb5bdea, 295371, 562237.pptx, реферат психология М.Шұғыла

М.Әуезов түркі халықтары қаламгерлерінің шығармаларын түпнұсқадан оқыған. Бұл
ретте М.Мырзахметұлының: «Ғылыми жетекшісі М.Ф.Гавриловтың арнайы тапсыруымен
және нақтылы басқаруымен Қожа Ахмет Яссауидің «Дивани хикметін», Ә.Науаидың
шығармаларын, Әбілғазы Баһадурдың «Түрікмен шежіресі» атты еңбегі мен Шаһнаманы»
және осман түріктері мен түркмен эпостарын оқып танысты», - деген пікірін толық қостауға
болады [2, 1]. Расында да, Мұхтар Әуезов Ташкентте аспирантурада оқьш жүрген кездерінде
Әлішер Науаи шығармаларын, соңдай-ақ Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметін»,
Әбілғазы Баһадүрдың «Түрікмен шежіресін», Фирдоусидің «Шахнамасы» мен түрікмен,
Осман түрк эпостарын мұқият оқып, әрі оларды зерттеп, үйрене түседі.
«М.Әуезов азиялық әдебиеттердің білімпазы еді. Қазақтың жаңа өсіп келе жатқан
жасөспірім жазушыларынан бастап дүние жүзі әдебиетінің аржақ-бержағын қыран көзімен
түгел шолып отыратын. Біз ғұламаның сабақтарын тыңдағанымызда Абай есімі арғы тұсы
Аристотель, әл-Фараби, бергісі Спенсер, Редиард Киплинг, Байрон, Пушкиндермен қатар
аталатын. Ол туған әдебиетін қандай кең зерттеп білсе, қырғыз, тәжік, өзбек, азербайжан,
түркмен, татар, кавказ халықтары әдебиеті тарихы жайлы сөйлегенде де тау суындай
екпіндетіп, түйдектетіп алып кетуші», - деген Ө.Күмісбаев сөзі М.Әуезовтің түркі халықтары
әдебиетінің терең білгірі екенін растайды [3, 98].
1922-1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетінің (қазіргі ТашГУ)
Шығыстану факультетінің еркін тыңдаушысы ретінде оқи бастаған алғашқы күндерінен-ақ,
түркі халықтарының өмірімен, әдебиетімен, мәдениетімен, салт дәстүрімен жете таныса
бастайды. Шығыс классиктерінің шығармаларына ден қойып, оларды тереңінен танып
зерттейді.
М.Әуезов Ташкентте болған жылдарында, онан соңғы кездеріңде де Ашхабад,
Душанбе, Бішкекте, Ташкентте жиі-жиі болып, түркі халықтарының әдебиет өкілдері
С.Айни, А.Қадири, Б.Кербабаев, Айбек, Ғ.Ғұлям, М.Тұрсынзаде, С.Ұлық-заде, А.Тоқамбаев,
Т.Сыдықбеков, Қ.Маликов сияқты т.б. қаламгерлерімен етене араласып, достық қарым-
қатынаста, шығармашылық байланыста болады. Осы жөнінде Қ.Сейданов былай дейді:
«Мұхтар Әуезов Орта Азия әдебиеті мен оның биік мәдениетіне айрықша көңіл қойып,
ерекше мән бергендігі соншалық, өзінің қаламдас достары Айбек, Ғафур Ғұлям, Аалы
Тоқамбаев, Берді Кербабаев, Түгелбай Сыдықбеков, Шараф Рашидов, Шыңғыс Айтматов,
Міртемір, Хамид Ғұлям, Асқар Мұхтар, Пірімқұл Қадиров сияқты т.б. ұлт қаламгерлерінің
әрбір жаңа туындыларына үңіле қарап оларды бір-бірімен салыстыра отырып, өз пікір-
лебіздерін білдіріп отырған» [5, 126].
Мұхтар Әуезов 1923 жылы Ленинград университетінің тарих-филология факультетіне
түсіп, онда В.В.Бартольд, А.Н.Самойлович, В.Щерба, С.Обнорский, В.Виноградов сияқты т.б.
ғалымдардан дәріс алып, лекциялар тыңдайды. Әсіресе, профессор В.В.Сиповский, Р.Куллэрмен
етене араласып, Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы ой-пікірлерін айтып, оларды
қызықтыра бастайды. Дүние жүзі әдебиеттерінің терең сырларына үңіліп, көркем әдебиеттің
көкжиегіне ой көзін тереңірек қадап, оның негізгі ерекшеліктері мен тамаша сырларын жан-
жақты ұғына түседі. Әрі сонда алғаш рет, сол университеттің студенті болған Айбекпен
танысып, олар өзара бір-біріне достық құшақ ашып, шын мәніндегі дос болып кетеді.
Болашақ суреткер Ленинград университетін бітірісімен-ақ, 1928 жыл Ташкентке қайта
келіп, 1928-1930 жылдары Орта Азия университетінің аспирантурасына түседі де, өзбек
зиялыларымен шығармашылық байланыста болады. Бұл жылдары Мұхтар Әуезов Ташкент
қаласындағы белгілі ғалым Самойлович, этнограф-фольклорист Әбубәкір Диваев, сондай-ақ
Роберт Куллэ сияқты т.б. зерттеушілермен тығыз қарым-қатынаста болады. Туысқан өзбек
халқы өміріне тереңірек үңіліп, Шығыстың атақты шайырлары Фирдоуси, Низами, Науаи,
Бабыр, Хафиз еңбектерімен жете таныса түседі. Орта Азия өңірінің Мақтымқұлы, Кемине,
Тоқтағұл, Тоғалақ Молда, Күнхожа, Әжнияз, Бердақ сияқты т.б. жыр дүлдүлдерінің өлең
жырларына жан-жақты көңіл аударады. Орта Азия ауыз әдебиеті үлгілеріне үлкен ықыласпен
ден қойып, олардан рухани нәр алады да, қырғыз халық эпосы «Манас» жайлы зерттеулер
жүргізе бастайды.
Мұхтар Әуезов 1922-1923, 1928-1930 жылдары Ташкентте, өзбек өлкесінде жүрген
шағында «Қараш-Қараш» атты повеске және Абайдың өмірі мен шығармашылығына
арналған мағлұматтарды жинап жүреді. Әрі қырғыздың «Манас» эпосы туралы материалдар
іздеп, үлкен бір сүйіспеншілікпен зерттей бастайды. 1927 жылы жаз кезінде Жетісуға барып
ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды. Сонда «Манас» жайлы жырлар естіп, көршілес қырғыз
халқының ауыз әдебиеті үлгілеріне ерекше ықыласпен көңіл аударады. Қырғыз манасшысы –
Сағымбай Оразбаевтың айтуы бойынша «Манастың» толық вариантын тауып жазып алады.

216
«Манас» эпосы жайлы материалдар жинап, оның терең сырларын аса білгірлікпен ұғына


түскен М.Әуезов оны 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 30 қаңтардағы санында «Қырғыз
дастаны «Манас» деген атпен жариялап, ол жайлы түйген ойлары мен өз топшылауларын
ортаға салады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет