5. Қарлұқ мемлекеті. Қимақ қағанаты



бет1/2
Дата04.10.2022
өлшемі21,59 Kb.
#151572
түріҚұрамы
  1   2

5. Қарлұқ мемлекеті. Қимақ қағанаты.


Дәріс мақсаты: Қарлұқтардың этникалық құрамына енетін тайпаларға сипаттама жасап, олардың географиялық ортасын анықтау. Қарлұқтардың сыртқы саясатын талдау. Қимақ қағанатының қалыптасуы мен территориясына талдау жасау. Қағанаттың ішкі және сыртқы саясатын анықтау. Қарахан мемлекетінің қалыптасуы, оның мемлекеттік және әлеуметтік құрылымына сипаттама жасау. «Иқта» түсінігінің мәнін ашу.


Тақырыпқа арналған сұрақтар:
1. Қарлұқтардың қоныстануы мәселесі және мемлекеттің қалыптасуы. Мемлекеттің этникалық және тайпалық құрамы.
2. Қарлұқтардың сыртқы саясаты
3. «Қимақ»этнонимі. Қимақ қағанатының құрылуы. Этникалық және тайпалық құрамы.
4. Қимақ қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.
5.Қарахан мемлекетінің құрылуы. Мемлекеттік және саяси құрылымы.
6.Қарахан мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Қарлұқтар Алтай мен Тарбағатай тауларын мекендеген түркі тайпалары. Ең алғашқы дерек грек жазушысы Птоломейдің “Жағрафия”деген еңбегінде кездеседі. Олар алғашқыда күші басым Шығыс түрік қағандығына бағынып, кейін әлсіреген соң 714-715 жылдары тоғыз оғыз және басмыл тайпаларының көмегін пайдаланып, қанды шайқаста жеңіп 745 жылы Ұйғыр қағандығын орнатты. 756 жылы қарлұқтар ұйғырлармен шайқаста жеңілді де Жетісуға ығысып, Суяб, Тараз қалаларына барып орнықты. Бұл жерде олар Түркештермен соғыста жеңіп, Қарлұқ қағандығын орнатты. Билеушісі-ябғу (жабғу) деп кейін қаған деген атқа ие болды. Территориясы: Жоңғар Алатауынан-Сырдарияға дейін, солтүстікте Балқаштан оңтүстікте Ыстықкөлге дейін болды.
766-775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алып, ал ҮІІІ ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты.
Жалпы ҮІІІ – Х ғасырларда Алакөл ойпаты мен Сырдарияның орта ағысы арасындағы аймақ қарлұқ тайпаларының әскери-тайпалық ақсүйектерінің билігінде болды.
Қарлұқ билеушісінің Оңтүсті Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Ал шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздіпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерін талқандады. Ал 812 жылы олар қарлұқтарды толық жеңді.
Саманиларға саяси және экономикалық тәуелділікте болды. Мысалы, Талас пен Шу өзендерінің арасында орналасқан Орду қаласының билеушісі Испиджабтың билеушісіне сыйлық беріп тұрған.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік-тайпалық жүйенің дамыған түрлері болуымен сипатталады. Мұның өзі орталықтан басқару түріне жәрдемдеспеді.
Әлеуметтік және жіктік теңсіздік қарлұқ қоғамының негізгі өзегі болып табылды. Ақсүйектердің қолында жайылымдар мен құнарлы жерлермен қатар, қала орталықтары да болған. Қарлұқ қоғамында бай, кедей сияқты әлеуметтік топтармен қатар, ешқандай құқығы жоқ құлдар да болған.
Ел ішіндегі үнемі болып тұратын талас-тартыс Қарлұқ мемлекетін әлсіретіп, 940 жылы мемлекет болудан қалды.
Қимақтар ҮІІ ғасырда Ертіс өзенінің алабы мен Алтай тауының солтүстігін қоныстанған. Батыс түрік қағандығы ыдыраған соң қимақтар одан бөлініп шықты. Қимақтар ІХ ғасырда Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл алқабына дейінгі жерді, батыс Алтайдан Құлынды даласына дейін, Оралдан батыста Арал теңізіне дейінгі жерлерді иеленді. 840 жылы Ұйғыр хандығы құлағаннан кейін Қимақтар мемлекеті күшейді.
Қимақ мемлекеті Орта Ертіс өңірінде болған. Астанасы - Ертіс бойындағы Қимақия қаласы болды.Олардың шамамен 16 қаласы болды. Негізгілері: Хақан, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур.
Қимақ федерациясы 7 тайпадан тұрды: эймур, имақ, қыпшақ, татар, байандур, ланиказ, аджлар. Қимақ тайпаларының одағы әкімшілік-территориялық принцип бойынша қалыптасты. Мемлекеттің жоғарғы билеушісі- қаған деп аталды.
Х ғ. ортасына таман Қимақ қағанатының территориясы 4 негізгі облыстарға бөлінді:
1. Йагсун – Йасу – Ертіс жазығы мен Барабин даласымен қатар, Обьтан батысқа дейінгі территорияны қамтыған. Ертісте ескі және жаңа (Имақия) астаналары орналасқан.
2. Қырқырхан – Ертістен Балқаш пен Алакөлге дейінгі Шығыс және Орталық Қазақстан территорияларын және Қарқаралы, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларын қамтыған.
3. Андар аз-қыпшақ – бұл „ішкі қыпшақ облысы” – Орталық Қазақстанда болған. Оған Ұлытау, Нұра, Сары су, Қаракеңгір өзендерінің бассейндері және оңтүстікте Шу мен Талас өзендерінің төменгі ағысы да енген.
4. „Сыртқы қыпшақтар” Оңтүстік Орал және Торғай далаларын қамтып, белгілі бір деңгейдегі автономдық сақтады.
Қимақ қағанатында ұлыстық-тайпалық жүйе қалыптасып, ұлыс билеушілері әскери көесмдер болып, қызметі үшін қағаннан ұлыс алған.
Қимақ қоғамындағы мал-мүлік теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер қалыптасқан. Ал малы жоқ адамдар кедейлерге айналған. Олар отырықшылықпен немесе қолөнермен айналысуға мәжбүр болды. Оларды жатақтар деп атаған. Салық үнемі жиналып, жиналған алтыннан қаған міндетті түрде өз үлесін алып отырған.
Қимақтар сыртқы саяси қатынастарын белсенді түрде жүргізген. Тоғызоғыз жерлеріне үнемі шабқыншылық жасап, Шығыс Түркістандағы қалаларын шабуыл жасап отырды. Тіпті Енисей қызғыздарымен де өзара шайқастарға түскен. Кейінірек, Х ғ. оңтүстік пен солтүстікте көрші тайпалармен бейбіт қарым-қатынастар қалыптасты.
Орта ғасырлық мемлекеттер сиақты мұнда да ішкі талас-тартыс қимақ мемлекетін әлсіретті. 916-жылы солтүстік қытайда қарақытайлар құрған Ляо мемлекеті пайда болып, қимақ мемлекетіне соққы беріп олардың бір бөлігі Ертіс бойына, енді бір бөлігі оңтүстік Орыс даласына қарай ығысты. ХІ ғасырдың басында әлсіреген қимақ мемлекетінің орнын қыпшақтар басты да қимақтарды өзіне тәуелді етті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет