Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет78/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
«Кедейшілікке қарсы екпе» – «Бизнес&Власть»
баспасы
тамыз 2014 ж.
– Аймақтардағы кəсіпкерлерге кеңес беру ісі қалай
дамып жатыр? Консультация ұсынатын мемлекеттік
бағдарламалар бар емес пе?
Кеңестер беріліп жатыр. Тек оны кімдер беруде. Бұл
міндетті көбіне жеке кəсіпкерлер мен ХҚКО-дағы
кеңесшілер атқаруда. Олар бизнесті жолға қою үшін
немесе табысты директор болу үшін қандай ақыл айтуы
мүмкін?
– Бəрі түсінікті. Бұл ретте қандай ұсыныстарыңыз
бар?
Сұрағыңыз орынды. Бірінші, кəсіпкерді басынан
аяғына дейін жетектеп алып жүру керек. Өзге дамушы
елдерде бұл бизнес қалай дамып жатыр, соны түсіндіру
қажет. Бизнес-жоспардан стратегияға дейінгі əрбір


қадамымызды келісіп алмасақ жəне жобаның қажетті
екеніне, 
нарықта 
сұраныстың 
болатынына 
көз
жеткізбейінше, ешқандай да субсидия немесе грант
берудің қажеті жоқ. Яғни бизнесті терең зерттеуіміз қажет.
Үлестірілген субсидиялардың жұмыс істеп, мемлекетке
пайда əкелуін бақылауға алу керек. Əйтпесе, тиімсіз жоба
ретінде тұралап, қалып қояды. Біз адамдарды толық
оқытпайынша, 
жобаларды 
бағалаушылардың 
тұтас
жүйесін жасамайынша, бизнеске бөлінген субсидияның
қайтарымы бола қоймайды.
Қазір 
нарықтағы 
ережелер 
өзгергендіктен
мемлекеттен қолдау алғандардың көпшілігі тіпті өз
өнімдерін сата алмай отыр. Олар тауарларымызды Алматы
мен Астанаға жібермейді деп ойлайды. Сондықтан
кəсіпкерге субсидия бергенде, мемлекет оны басынан
аяғына дейін өзімен бірге алып жүру керек, жағдайын
жасап, өнімінің өтуіне қол ұшын созуы қажет. Мысалы,
жəрмеңкелер. Жергілікті əкімдіктегілер 50 сотық жер
бөліп, өндірушілер өз өнімдерін күн сайын сол жерде
сатуына болады. Бұған ешқандай кедергі жоқ. Халық та
алыпсатарлардан құтылады. Мұның неліктен жасалмай
жатқаны маған түсініксіз.
Екіншіден. Көптеген басқарушылар өздерінің 30
жылдық тəжірибесі бар, зейнекерлікке шығатын уақыты
келсе де, əлі жұмыс істеп жүрген қызметкерлері туралы
мақтанышпен айтып жатады. Олар əрине өз ісінің кəсіби
шебері шығар. Алайда, алған білімдерінің Кеңес
заманынан бері еш өзгермегенін, бизнеске жаңа
көзараспен қарау керек деген секілді жəйттерді ұмытпау
керек. Мен мұндай беталысты өзгерту керек деп
санаймын. Өйткені олар Кеңес заманында өмір сүрді.
Онда кəсіп ашқан адамның жарығын, жалақысын тағы сол
секілді шығындарын мемлекет төлеп беретін. Тағы
өнімінің өтуін қамтамасыз етіп отыратын. Қазір əлем
өзгерді. Бүгінде жағдайды тез бағамдау үшін адамдарды
бизнестің ережелеріне үйрету керек. Əрине, жеке
сектордағылар бүкіл командасын бір мезетте ауыстыруға


жəне лайықты кадрларды ала қоюға дайын емес.
Сондықтан мемлекет бизнес саласында халықаралық
ойыншылармен қарым-қатынас құруға көмектесіп, сол
компаниялардың капиталына кіруге жол ашса, жақсы
болар еді.
Менің бизнесім мүлдем басқа салада. Бөлшек сауда
емес. Ал кəсібін енді бастағандарды оқытудың қиын
екенін көріп отырмын. Жас мамандарды тарту да мəселені
көп шеше қоймайды. Себебі, оларды да оқыту керек. Ал
бизнестің жаңа қырларын үйрететін адамдар жоқтың қасы.
Осылайша, шешімі жоқ шеңбердің ішінде қалып қойып
отырмыз. Сондықтан басқа əдістерге көшу керек. Əлемде
түрлі амалдар бар. Мəселен, Данон секілді сүт өндіру
саласындағы табысты бизнесмен емес, орта деңгейлі
ойыншы нарыққа еніп, кішігірім бір компанияның үлесін
сатып алады да адамдарды жаңа бағытта оқытады.
– 
Яғни 
шетелдік 
компаниялармен 
бірлескен
кəсіпорындар құру ма?
Иə. Дəл осы жол біздің компнияларды бəсекеге
қабілетті ете алады. Ол үшін мемлекет инвесторларға
қолайлы жағдай жасауы кажет. Бүгінде жалпылай
айтқанда Қазақстан – инвесторларды аса қызықтырып
тұрған жоқ. Біз жуырда ДСҰ-ға кіреміз, сосын
кəсіпкерлеріміз бірінен соң бірі өше бастайды. Дəл қазір
сол инвесторларды шақырып, бірлесіп кəсіпорын ашып,
бəсекеге қабілетті болуды үйрену керек. Ал бізде орта
деңгейлі инвесторларды тартудың тиімді жағдайлары
жасалмаған.
20 млн доллардан астам қаржы құйғысы келетін
шетелдік инвесторларды тартуға ешқандай мүмкіндік жоқ.
Қазақстанда осынша қаражаттың құйылғанын күтіп
тұрған 5-6 компания бар. «Қазақмыс», ENRC жəне қалған
үлкен ойыншыларда бəрі жақсы, оларда өздерінің 20 млн-
ы бар. Мұнан келер пайда жоқ. Ал егер орта деңгейлі
компанияларға 
инвестор 
келсін 
десек, 
жағдайды
реттемейінше олар мұнда асыға қоймайды. Ол неліктен
тəуекелге барып, бүкіл қызметкерді оқытуы тиіс?


Мəселен, оған біз 5 жылға дейін салық төлеуден
босатыласың деп, компанияны қалай құру керектігін жəне
оны ертеңгі күні басқа үлкен ойыншыға сатуға болатынын
айтсақ, бұл енді қызықты болмақ. Орнына өндірістегі
жұмысшыларды оқытып, салық төлеушілердің санын
ұлғайтамыз.
– Ал енді біздің кəсіпкерлер туралы айтайықшы.
Оларды 
мемлекеттiк 
субсидия 
деген 
жайлы
жылыжайдан шығарып, өз күндерін өздері көретін
жағдайға жеткізу үшін не істеу қажет?
Қазір сіз айтқандай жылыжайдағыдай жағдай жоқ.
Мемлекетің 
асырауында 
отыруды 
доғару 
керек.
Аймақтарда біз кəсіпкерлермен кездескенде олар:
«ҚазАгро» көмектесті, «Даму» қолдады, қазір неге
комектеспейді?», – дейді. Олар мемлекет, Кеңес Үкіметі
кезіндегідей үнемі қолдауы керек деп ойлайды. Мұндай
кісілерге нағыз бизнес бұл – ешқандай қолдаусыз жүзеге
асқан бизнес екенін жақсылап түсіндіруіміз керек. Олар
инеге отырған нашақор сияқты, мемлекетке иек артып
алған. Мемлекеттік қолдауды алып тастаса, ертең-ақ тоз-
тозы шығып кетеді. Ол кезде өңірлердегі көптеген жұмыс
орындарынан айырылып қаламыз. Бұлай жасауға да
болмайды. Сондықтан бірлескен кəсіпорындар құрудың
тиімділігін дəлелдеп көрсету керек.
Бізде жер бар. Ол əлемдегі ең жақсы, ең үлкен жəне
ең бастысы игерілмеген. Орналасқан жеріміз де тəп-тəуір.
Жанымызда өнімімізді тез жеткізіп беруге болатын үлкен
өндіріс нарықтары бар. Жерімізде мұнай, газ, метал
секілді ресурстар толып жатыр. Мұндай мүмкіндікті
біреулер армандай да алмайды. Мəселен, жерінде ештеңе
шықпайтын израильдіктер құлпынай экспорттаушы үздік
елге айналды. Бұл дегеніміз көп нəрсені аңғартады. Яғни
адамдар басын жұмыс істеткен. Ал бізде алға қарай
ілгерілеуге 
деген 
құлшыныстың 
жоқтығы 
көңіл
жабырқатады. Жастарымыз адуынды, дамуға икемді болса
да, осылай болып тұр. Ата-бабаларымыз секілді бастаған


істі жұлып əкетіп, соңына дейін жеткізуге, жеңімпаз
болуға лайықты. Тек оларға мүмкіндік беру керек.
<…> Сенсеңіз де, сенбесіңіз де айтайын, дəл
Қазақстандағыдай кəсіпкерлерге ТМД елдерінде ешбір
мемлекет қолдау жасап жатқан жоқ. Бірақ соған
қарамастан əлі де үздік өндіруші бола алмай отырмыз. Жиі
айтатын қаржы – басты мəселе емес. Ең бастысы – идея
жəне құзіреттілік, команда мен бизнесті басқару
тəжірибесі. Егер мұның бəрі болса, ақша табылады.
Кəсіпкер ретінде айтайын, бізде тек қаржыңды кімге сеніп
тапсыруға болатынын білмейсің. Сенімді адам жоқ. Ал
қаншама инвестор бар қаржысы бостан-босқа жатқан.
Олар қай салаға құярын білмей отыр. Себебі, талапқа сай
жұмыс істейтін команданы көріп тұрған жоқ. Көңіліңе
сенім ұялатпаған командаға қалай ақшаңды сеніп
тапсырасың? Қаражатыңды айналдырып əкететін топқа
құйғың келеді.
«Алқызыл түсті көзілдірікті шешетін уақыт келді»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет