Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет77/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
«Мегаполис»
20 маусым 2014 ж.
Шаңхай ұйымының жастар форумына сарапшы
ретінде шақырту алып, онда сөйлегеннен кейін


Серікбайға, осы ұйымға мүше елдерден «Табыс сыры»
тақырыбында дəріс оқуға ұсыныстар көптеп келіп түсе
бастайды. Алайда, кəсіпкер білгенімен бөліспес бұрын
мұны ең алдымен оны өзінің жас отандастарына,
қазақстандық ЖОО-да баяндағысы келеді. Сөйтіп, өзі
секілді əрбір жастың арманына сенуіне ықпал еткісі
келеді. 
Алғашқы 
тыңдаушылары 
Назарбаев
университетінің студенттері болды.
«Қазақстанға тұрғылықты тұруға көшіп келу
жоспарыңызда бар ма?» деген сауалға достарының да «өз
еліңде сұлтан болғаның» дұрыс дегенді жиі айтатынын
айта келіп:
– Бүгінде мен білікті кадрларға арналған жұмыс
орындарын ашудамын. Бұл – бүкіл бизнесмендердің
мақсаты. Сондай-ақ студенттерге жəне ісін енді бастаған
жас бизнесмендерге бірнеше дəріс оқу жоспарымда бар.
Менің қайда тұрғаным маңызды емес. Əлемнің қай
түкпірінде жүрсем де, Қазақстанға өз пайдамды тигіземін.
Меніңше, патриот дегеніміз өз елінде тұрып, түк
бітірмеген адам емес, мемлекетіне технология, білім мен
тəжірибесін əкеп, бəсекеге қабілетті болуына көмектесу.
Бұл адамның табысты болуының сыры неде? Əрине,
белгілі бір жетістікке жетіп, онысымен тоқтап қалмай,
тағы бір мақсатты үлкен қызығушылықпен қолға
алатынында. Көздегеніне жетпейінше, ол тыным
таппайды.
«Арманын жүзеге асырған адам» – «Казахстанская
правда»
сəуір 2013 ж.
– Қазақстанда бүгінде тұтынушылық дүмпу де,
кедейшілік деңгейі де қарама-қайшы ұлғайып келеді.
Сіздің ойыңызша, ҚР-ғы кедейшіліктің бір себебі,
халықтың несиеге белшеден батқанынан емес пе? Мұнан
шығудың қандай да бір жолы бар ма?


Меніңше, мемлекет бұл бағытта салмақты түрде
түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет. Елде жеткілікті
деңгейде халықты каржылық сауаттылыққа ешкім үйретіп
жатқан жоқ. Ал амалсыз несие төлеумен өмірін өткізіп
жатқан адамдар зардап шегуде. Жылдар өте көзіміз жетіп
келеді, елдің сатып алушылық қабілеті төмендеп барады.
Бұл дегеніміз адамдар бұрынғыдай өздеріне көлік, баспана
секілді қажеттіліктерін ала алмауда, тиісінше мұнан салық
та түсіп жатқан жоқ. Бəрі айналып келгенде экономика
өсімінің қарқынына тікелей əсер етуде.
Экономиканы көтерудегі бір бағыт, əлсіз дамып келе
жатқан бағытта құзіретті ұлғайту керек. Сонда
тұтынушылық қажеттіліктер де өседі. Мəселен, бірінші
емес, алтыншы санаттағы электрик өзгелерден көп табыс
табады. Сөйтіп оның тиісінше төлем қабілеті де артады.
Ол үшін бірінші кезекте қазақстандық компаниялар өз
қызметкерлерінің құзіретін арттыратын механизмдерді
ойлап табуы қажет. Сол арқылы жалақылары да
жоғарылайды. Екіншіден, «тұтынушылық несиелермен»
өмір сүрудің дұрыс емес екенін сауатты түрде түсіндіру
қажет. Себебі, əр нəрсенің альтернативті шешімі болады.
Мысалы неліктен мен жалдамалы пəтерде тұрып, көлік
мінбеймін? Себебі, тапқан табысымның бір бөлігін
демалысыма, 
спортпен 
шұғылдануға 
деп 
бөлек
жинаймын. Бір сөзбен айтқанда өз рахатым үшін қаржы
шығарып, бақытты бола аламын. Сол бар тапқанын бір
іске емес, несиеге құртатын адамдар тыныш əрі бақытты
өмір сүре алмайды. Əркім өз көрпесіне қарай көсілуі
керек!
– Сіздің ойыңызша, жағдайдың мұндай сипат алуы
біздің менталитетімізбен байланысты ма?
Иə, 
қалыптасып 
қалған 
қатаң 
қағидалардан
құтылатын уақыт келді. Əркімнің жеке үйі болу керек деп
ипотекаға жіпсіз байлану секілді түсініктерден арылу
керек. 
Біздің 
азаматтардың 
ойланбастан 
үлкен
шығындарға барып жататыны, оларды осы қалыптасқан
стереотиптер жеңіп алған. Біреулері «мінетін болсаң, тек


қымбат көлік алуың керек, себебі сол арқылы деңгейің
жоғарылайды» деп ойлайды.
Алайда, адамдар өздерін жұрттың ақыл-парасатына,
кəсіби біліктілігіне қарап бағалайтынын түсінгенде ғана
бақытты əрі тəуелсіз өмір сүре алады. Дербес, ешкімге
бағынышты болмай ғұмыр кешу деген – көп нəрсені
аңғартады. Білім алуға, біліктілігіңізді арттыруға ақша
жинай бастайсыз, сол арқылы жоғары жалақы төленетін
кадрға айналасыз. Өзге елдерде оқып, ой-өрісіңді арттыру
қажет. Егер адам жұмыс таңдау мен қозғалысына таңдау
жасай алатын болса, онда міндетті түрде табысқа жетеді.
Адамдарға жеткізгім келетін тағы бір нəрсе:
мемлекетке иек артпаңыздар, өз өмірлеріңізді өздеріңіз
жеке бастарыңызбен жоспарлаңыздар, ертеңгі күндеріңіз
үшін ақша жинаңыздар жəне оны тұрақты табыс əкелетін
іске салыңыздар. Ең бастысы, не алсаңыздар да несиеге
ұрынбаңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет