Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет74/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Жастарға 
айтқым 
келетін 
5
маңызды дүние:
1. Өз арманыңызға сеніңіз, жоспарыңызға күн сайын
кем дегенде бір қадам жасап, оған жақындай түсіңіз.
2. Бар ынта-жігеріңізді жинап, кем дегенде бір
саланың кəсіби маманы болыңыз. Бұл – өте маңызды. Егер
өз салаңызда үздік болсаңыз, міндетті түрде бақытты
боласыз.


3. Үлкенді құрметтеу жəне бағалау, ата-анаға, жасы
үлкен туыстарға уақыт бөлу маңызды. Оларды «тап қазір
осы сəтте» қуанту керек. Егер мұны бүгін жасамасаңыз,
ертең уақытты кері айналдыра алмайсыз.
4. Өз жартыңызды іздегенде бүкіл қиындықтарды
бірге еңсере алатын адамды таңдаңыз. Қасыңызда
жаныңызды түсінер жақын адам болмаса, алға қарай
қадам басу, айқын жоспарлар құру өте қиын. Бір-
бірлеріңізді 
жаңа 
жетістіктерге 
ұмтылуға
қанаттандырыңыздар. Жұмыстағы секілді жеке өміріңізде
де өз құштарлығыңыз бен арманыңызды таба білу өте
маңызды.
5. Достықты, сізді түсініп, қолдайтын, сізбен
құндылықтары бірдей адамдарды бағалаңыз. Мұнан басқа,
достық қарым-қатынас арқылы сіз қашанда жаңа əлденені
аша аласыз. Тыңдай біліңіз жəне ой қоса біліңіз.
Өмірде бақыт деген тоқтаусыз дамуда, араласуда,
махаббатта, алға қойылған мақсаттарға жетуде,
жақындардың, 
əpinтестер 
мен 
серіктестердің
арасындағы құрметте деп білемін. Мен үшін бəрінен
бұрын дəл осы құндылықтар маңызды.
ЖЕТІСТІК КІЛТІ:
Өзіңіздің өмірлік миссияңызды табыңыз. 
Адамдарға мақсаттарына жетуге жəне бақытты
болуға көмектесіңіз, өзіңізде бар тəжірибемен
бөлісіңіз. 
Өзіңіз тұратын қоғамға жағымды жағынан ғана ықпал
етіңіз. 
Бақытты отбасын құрыңыз, өз бетімен өмір сүре
алатын табысты балаларды тəрбиелеңіз, кейін олар да
əлемге пайдасын тигізеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет