Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет76/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
МЕНІҢ
СҰХБАТТАРЫМ 
Мəскеудің ең қымбат Lotte қонақ үйі. Ақ дастархан
басында Sberbank CIB басшыларының бірі Рубен
Варданян. «Вимм-Билль-Даннаның» негізін қалаушы
Давид Якобашвили, «IL Патио» жəне «Планеты Сушидің»
жетекшісі Ростислав Ордовский-Танаевский Бланко,
«Инвайт» пен «Быстров», Velle желілердің негізін
калаушы Сергей Выходцев отыр. Ernst & Young-тің
Entrepreneur of the Year байқауына жиналған ондаған
кəсіпкердің басы қосылған.
Сахнаға смокинг киген кісі көтерілді де: «Жігіттерге
əркез айтатыным, менің өзгелерден еш айырмашылығым
жоқ. Қарапайым ауылда туып өстім, жұрт сияқты Кеңес
заманының білімін алдым. Ресейде талантты адамдар өте
көп, алайда біз тек қана Кеңес Одағы кезінде жасалған
ресурстар мен ƏӨК өнімдерін ғана сатамыз. Қайта құру
заманынан кейін жасалған жəне əлемге жол тартқан
өнімдер бүгінде некен саяқ. Мен біздің мұны жасай
алғанымызға 
қуаныштымын. 
Барлығыңызға 
табыс
тілеймін! Армандарыңызды кейінге қалдырмаңыздар, дəл
қазір іске кірісіңіздер», – деді.
Бар шындық осы сөздерде жатыр. «Арман»
холдингінің өнімдері тек қана Ресей, Қазақстан, Үндістан,
Ирак, Мьянма, Сингапур, Германияда ғана емес, басқа
елдерде де саудаланып жатыр.
Алайда, Серікбай Бисекеев мұнымен тоқтап қалған
жоқ. Ол Қазақстанда жел электр станцияларын салып
жатыр. Қытайдағы газ құбыры құрылысының жобасына
қатысуда. Серікбай Қостанайда, облыс орталығынан 232
шақырым қашықтықта орналасқан Қамысты ауылында
дүниеге келген. Қазақ ауылынан шыққан қарапайым бала
қалайша Ресейдің үздік кəсіпкері болды?
«Көшпелі кəсіп» – «Деловой Петербург» баспасы


30 наурыз 2013 ж.
Серікбай Бисекеевтің өмір жолы – посткеңестік
кеңістіктегі кəсіпкерліктің ең ерекше, тың түрі.
Біріншіден, «Арман» компаниялар тобының президенті
Серікбай Бисекеев кəсіпкерлік мансабын Ресейде жасаған
қазақ баласы. Екіншіден, ол бағындырған бизнес əлемде
алғашқы орындарға шыққан, яғни ақпаратты технология
саласы, ресейлік чемпиондарға да, кеңестік одаққа мүше
елдер өкілдеріне де үйреншікті емес, таңсық дүние еді.
Сондай-ақ ол кəсіпкер тұлға ретінде жəне бизнесін
дамытудағы көрегенділігімен ерекше. Бизнесті бастағанда
ол бəрін бос кеңістіктен жасады. Сөйтіп ТМД нарығында
аяққа тұрып, (сандық дауыс зорайтқышты байланыс) өз
бəсекелестеріне кезінде компания жұмысын барынша
күрделендіргені жəне сол арқылы қызықты еткені үшін
алғысын айтады.
Бұл кəсіпті ашқанда, жалдамалы пəтерде тұрып,
өзінің бүкіл табысын осы іске салды жəне «Қымбат
жылжымайтын мүлік пен дүние, кəсіпкер үшін керек емес
қажеттілік» деп қарады. Ісін енді ғана бастаған
кəсіпкерлерге берілетін гранттарды алуға да қызықпады,
олар зиян əрі жолымнан тайдырады деп санады.
Серікбай Бисекеев Ernst & Young байқауының
Ресейдегі «Жыл кəсіпкері-2012» сайысында B2B
номинациясының жеңімпазы болғаннан кейін ДЗБ
аудиториясына кеңінен танымал бола бастады.
Ол осындай алдын ала келісіп-пішілмеген шешім
үшін өз ісінің мойындалғанын жоғары бағалайды жəне
идеяларының танымал бола бастағанын, «бизнесіңді
жетілдіре отырып, əлемді жəне айналаңды да дамытып,
жақсарта түс» деген кəсіпкерлік миссиясының бір бөлігі
ретінде қарайды.
«Көпке үлгі боларлық кісі» – «Эксперт Казахстан»
21 қаңтар 2013 ж.


Серікбай, кітаптар мен тренингтердің көптігіне
қарамастан кəсіпкер боламын дегендердің барлығы бірдей
табысты бизнесмен болып кетіп жатқан жоқ. Өнерде
де, бишілер мен суретшілер оқып емес, жаратылысынан
солай болып жатады ғой? Яғни бұл – екінің бірінің
қолынан келе бермейді, солай емес пе?
– Иə, əрине. Расымен кəсіпкер болып дүниеге келетін
шығар. Бұл – долбарлауға негізделген, түйсікке тікелей
байланысты, тəуекелге əркез дайын болуды талап ететін
сала. Əлемде тұратын адамдардың 90 пайызы қалыпты
болса, қалған он пайызы біртүрлі. Олардың бес пайызы
жүйке жүйелері ауруханаларында, ал қалған бес пайызы
бостандықта, бизнесмен ретінде өздерін танытып жүр.
Оларға «Мынаны жасама» десе, керісінше барып, соны
жасайды. Себебі, онда арман бар да, оның шекті
жиектемесі жоқ.
Көбісі «сен бизнес бастаған кезде Ресейде бəрі оңай
болды. Кооперативтер енді ғана пайда болып жатты,
бəсекелестік төмен болды» деп жиі айтады. Алайда, бұл
маған оңай болмады. 5 млн адамның ішінде, оның үстіне
мұндағы бұрыннан тұрып келе жатқан тұрғындарға
қарағанда ұлтым бөтен. Ол аздай қалада күніне бірнеше
ондаған 
адамды 
өлтіріп 
кетіп 
жататын 
жəне
рэкитерлерден кəсіпкерлер он есе аз болды. Ойланатын
уақыт болмады, тек қана күн көру керек болды.
«Ауылдан шыққан миллионер Серікбай БИСЕКЕЕВ:
«Адамды көлігі мен қымбат сағатына қарап емес,
ақылына қарап та бағалайды. Қазақтар түсінер деп
ойлаймын» —


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет