Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Алдағы 10-15 жылда күн сəулесімен байланысты



Pdf көрінісі
бет73/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Алдағы 10-15 жылда күн сəулесімен байланысты
шешімдер, энергетикада төңкеріс жасап, мұнай
өндіретін зауыттарды, жылу жəне атом электр
стансаларын алмастырады деп ойлаймын.
Қазақстанда күн жəне жел энергиясын өндіруге
мүмкіндік зор, мұндай артықшылық көптеген елдерде
жоқ. Тек оны сауатты қолдану керек. Ал мұнайдан ауаны
ластайтын жанармай мен мазут өндірмей, оны химия
өнімдерін қайта өңдеу үшін пайдалану қажет. Осыдан үш
жыл бұрын осы тақырыпты сөз ете бастағанымда, адамдар
оның мүмкін екеніне сенбеді жəне ондай өзгерістердің
қажеттігіне күмəнданды. Алайда, мұнайдың бағасы үш
есеге төмен түскенде ғана ойлана бастады.


Қазір біз жел паркі құрылысының жобасын
əзірлеп жатырмыз. Алдағы уақытта шетелдік
инвесторларды қызықтыратын сəйкес заңдар мен
тартымды жағдайлар пайда болады деп үміттенемін.
Бұл бізге ТМД аумағында өзгелер үлгі алатын елге
айналуға мүмкіндік береді.
Дүниежүзінде «жасыл» энергетика бірінші кезекке
шығуда. Америка мен Еуропада электромобильдер үлкен
танымалдылыққа ие болуда. Стационарлы қуат көздеріне
тəуелді болмайтын уақыт келетініне сенемін, ұялы
телефонды қуаттандыру үшін есіміз шығып розетка
іздеуді де қоямыз. Себебі, ол экранға жапсырылған арнайы
үлдірдің көмегімен қуат алатын болады. Ол жай жарықтың
астында жатып, батареяны қуаттандыруға қажеті куатты
өндіріп отырады. Дəл сондай үлдірді терезенің
əйнектеріне жапсырып, өз үйімізге қажетті электр қуаты
мен жылуды алып отыра аламыз. Бізді жаһандық
өзгерістер күтіп тұр. Skype, What’s App жəне Viber-ді
пайдаланып, қарапайым телефонмен қаларалық жəне
халықаралық қоңырау шалуды қойғанымыз секілдi, жаңа
технологияларға жылдам өтіп, ай сайын жарық, жылу,
ыстық су, ауаны желдету сияқты коммуналдық
қызметтерге ақы төлемейтін боламыз.
Осы болашақтың көп ұзамай келеріне сенемін. Мен
адамдар үшін де, экология үшін де пайдалы болатын жаңа,
тың істермен айналысқым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет