Эссе «Мен ұстазбын...»
Мен ұстазбын, демек менің өмір жолым келешек иесі жас ұрпаққа азаматтық ұстаным, жаңа заманның білікті де саналы, білімді де отансүйгіш азаматын тәрбиелеумен байланысты.
Қазақ тілі мұғалімі болғандықтан, алдыма келген балалар тіл үйренумен қатар, Қазақстан Республикасына мақтаныш пен отансүйгіштік сезімі қатар тұратын кеудесінде оты бар жас жеткіншекке айналып шығуы шарт. Осы орайда, оқыту барысында сабақ үрдісін білім алу үрдісінен қазақ тілінде өз ойын жеткізе алуға талпыну, тілді үйрену зертханасына айналдыру мақсатында жұмыс істеп келемін. Менің педагогикалық әрекетім жеке тұлғаны дамытуға шығармашылықпен қарайтын ынтымақтастық педагогикасына негізделген. Сабақтарымда «бір мұғалім бір тіл» қағидасын ұстана отырып білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруына жағдай жасаймын.
Оқушы сабақта қазақ тіліндегі сөзбен танысудан бастап, дұрыс оқу, сауатты жазу, сөйлем құрастыру, сұраққа жауап беру, сұрақ қою, сұқбаттасу немесе тілдесімге дейін жетеді. Бұл әрекеттер заманауи технологиялар «Модульдік оқыту» , «Ақпараттық оқыту», «Әңгімелесе оқыту» және «Ыстық орындық», «Аквариумдағы алтын балықтар», «ЖИГСО», «Синквейн» құру және тағы басқа алдыңғы қатарлы стратегиялар арқылы іске асады.
Өз жұмысымда сабақтарымды стандарт талаптарына сай, білім алушылардың қызығушылық деңгейіне қарай жоспарлай отырып әрбір баланың қажеттілігін қамтамасыз ететін білімді меңгеруіне мүмкіндік беретін жеке тұлғаға бағытталған белсенді технологияларды қолданамын.
Жаңашылдық әрекеттік әжірибемде модульдік оқыту технологиясын заманауи АКТ және тілді шиыршықтата оқыту қағидаларына негізделген әрекеттік әдістермен ұштастыра қолданамын. Бұл әдіс, тәсілдер оқушылардың өз бетімен, топта, жұпта жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыруға, сондай-ақ алған білімдерін іс жүзінде қолдануға жетелейді.
Менің педагогикалық әрекетім жеке тұлғаны дамытуға шығармашылықпен қарайтын ынтымақтастық педагогикасына негізделген. Сабақтарымда «бір мұғалім бір тіл» қағидасын ұстана отырып білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруына жағдай жасаймын.
Дарынды оқушыларды шығармашылық, зерттеу жұмыстарына тартамын.
Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі ретінде мектеп аясында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып, сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуына, озық технологиялармен танысып, игеруіне жағдай жасаймын.
5 жылдық еңбегімнің нәтижесі:
2015-2017 о.ж.-қазақ әдебиетінен 7-сынып оқушылары арасында өткен қалалық олимпиадада – Зацепин Дмитрий 3-орын;
2016-2017о.ж –облыстық қашықтық «Айналайын» оимпиадада: 2-сынып оқушылары Полковникова Полина мен Фирсова Александра және 4-сынып оқушысы Шимохин Кирилл - 1-орын, қалалық «Ертегілер елінде» сайысында жоба қорғаудан: Шимохин Кирилл 4-орын ;
2015 жылы ҰБТ нәтижесі 100%, орта балы-17,5 балл;
2016 жылы облстық ШКМУ қабырғасында өткен «Жаһандану жағдайындағы тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымы: өзекті мәселелері, тәжірибесі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, конференция жинағына баяндамам енді;
2017 жылы қалалық «Білім беру үрдісіне қатысушылардың инновациялық қызметі – олардың субьектілік позицияларын қалыптастыру» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясының «Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері» секциясында 1-орын алдым.
Қазақ тілін оқытуда нашар оқитын оқушылармен және оқуға ынтасы бар, бірақ оқып үйрену дағдысы төмен оқушылармен жеке және оқыту барысында даралап, саралап оқыту жұмыстарын жүргіземін. Еңбегімнің нәтижесі бес жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларының нәтижелері өсу динамикасын құрайды:
2014-2015 оқу жылында 56 пайыз;
2015-2016 оқу жылы 67пайыз;
2016-2017 оқу жылы 67 пайыз;
2017-2018 оқужылында 68 пайызға дейін өсті.
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында мектепішілік, қалалық сайыстар мен олимпиадаларға, ғылыми- тәжірибелік конференцияларға және шағын пәнішілік зерттеу жұмыстарына тартамын. Нәтижесі оқушылар олимпиадалар мен сайыстарда жүлделі орындар иеленіп алдыңғы қатардан көрініп жүр.
Қорыта келе айтарым: ұстаздық жол еселі еңбегң мен қатар елеулі жеңістерге толы өте қызықты, белестерге толы жол.
Достарыңызбен бөлісу: |