жасау керек. Бизнесменге байсалды болу, жағдайды
сабырмен, салқынқандылықпен бағалау маңызды, себебі
эмоция дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіреді.
Кез келген жағдайда бұл жолмен жүріп өткен
əлдекіммен ақылдассаңыз, дұрыс шешім таба аласыз.
Өкінішке орай, ұл баланы бала кезден «сен мықты,
ақылды, батыл болуың керек» деп өсіргендіктен, көптеген
ер адамдар өз толқуларын жақындарына айтпайды.
Адамдардың өздерін қысып ұстайтыны соншалықты,
эмоцияларын шығарып, өз қорқыныштарымен бөліспейді.
Күйзеліс жинала береді, сөйтіп, инфарктке, маскүнемдікке
жəне басқа да жайсыз салдарға əкеп соғуы мүмкін.
Меніңше, өмірде бəрін біліп туу мүмкін емес жəне əрбір
түсініксіз жағдайда кеңесшілерге жүгінуге, қандай да бір
кітаптар оқуға, достардан сұрауға болады. Оның еш
əбестігі жоқ.
Егер сіз қандай да бір мəселеде қауқарсыз болсаңыз,
бұл жағдайды əлдекім бастан өткеріп қойған. Мысалы,
адамдар ақшаларын жоғалтқан, ажырасқан, өз өмірлерінде
түрлі қиын кезеңдерді бастан өткізген деп ойлаңыз.
Əрдайым белгілі бір жағдайдан шығудың жолы болады.
Өмірде бəрі кездеседі, сондықтан сіз болмаған жайтқа тап
болсаңыз жəне не істеріңізді білмесеңіз, ондай қиналысты
іште сақтамаңыз, ондай тəжірибесі бар адамдарға жүгіну
арқылы шешу жолдарын іздеңіз. Сократ айтқандай,
Достарыңызбен бөлісу: