басталған бизнес үшін бухгалтерді, заңгерді, колл-орталық
маманын, хатшыны штаттан
тыс кесімді ақыға жалдауға
болады. Осылайша, өз шығындарыңызды азайтасыз. Егер
маман сіз үшін осы айда əлдене істесе, төлейсіз, істемесе –
ол бойынша шығыныңыз болмайды. Командаңызда болуы
тиіс басты мамандар: 1) өніміңізді шығару бойынша білімі
бар мамандар; 2) сатумен айналысатын менеджерлер.
Команда қалай құрылады? Ол үшін, ең бастысы
бірінші болғысы келетін, əлемді инновациялық жолмен
өзгерткісі келетін адамдарды таба білу керек.
Cіздің
бəсекелік
артықшылықтарыңызды
өз
мамандарыңыз құрағаны аса маңызды. Мысалы, бөлшек
бизнесте сырттан басқа компаниямен қызмет көрсетуге
жай
келісімшарт
жасасып,
IT-маманды
жұмысқа
қабылдамай-ақ қоюға болады.
Алайда сіз ІТ-бизнеспен
айналыссаңыз жəне өзіңіз шығаратын софтты сатсан оны
жазатын айти маман міндетті түрде командада болуы
керек.
Сіздің
бəсекелік
артықшылығыңызды
құрайтындарды
штатта
ұстап,
ынталандырып,
дамыту керек.
Сондай-ақ кез келген бизнесте маңыздысы – сата білу,
бəрі соған байланысты.
Егер сатылым болмаса немесе
жөнге қойылмаса ештеңе шықпайды, бүкіл команданы
асырауға ақша болмайды. Сатылым болса –
барлығының
тігісі жатады, жоба өрлейді.
Достарыңызбен бөлісу: