Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


«біз компанияға жақсы емес, ең үздік қызметкерлерді



Pdf көрінісі
бет52/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

«біз
компанияға жақсы емес, ең үздік қызметкерлерді
аламыз»
деген қағидасын ұстанамын.
Адамдардың бойынан оларды ұдайы жақсырақ
жасауға, жетіле түсуге, жаңа жетістіктерге көз тігуге
талпынтатын қасиеттерді іздеймін. Сондықтан əрдайым
адамның жетілуге деген ұмтылысын көргенде, қолдаймын.
Джефф О’Лири айтқандай, 
«табысты көшбасшылар өз
ұйымдарын шыңға шыққысы келетін адамдардан
құрайды».
Сонымен қатар үміткердің бұрынғы тəжірибесін
қауіпсіздік қызметі мен HR департаменті арқылы
тексереміз, қандай компанияда жұмыс істегені, өзін қалай
көрсеткені, ол қаншалықты адал, парасатты екені
анықталады. Өзімізді қызықтырған үміткерді талдаймыз
жəне егер оның бойында бізге керек білім болса, алайда
бұрынғы компанияда орынбасарлық қызметтен директорға
дейін өсе алмаған болса, оған мүмкіндік береміз, онын
алдына жаңа, қызықты, ауқымды міндеттер қоямыз.
Адамның шынымен неге жарайтынын көру үшін мен
оның жұмыстан тыс уақытта өзін қалай ұстайтынына
қараймын. Мысалы, топ-менеджерлермен біз тауға шығып
тұрамыз. Сол кезде мен жаңадан келгендерді өзіммен бірге
шыңға шығуға шақырамын. Биікке көтерілген кезде мен
ештеңе айтпаймын, тек бақылаймын. Егер адамның дене
дайындығына 
қарамастан, 
қанша 
шалдықса 
да,
тоқтамастан бəрімен бірге шыңға шыққанын көрсем, бұл
адамның соңына дейін баруға дайын екендігінің
көрсеткіші. Ондай маманға мен салмақты істерді сеніп
тапсыра аламын.


Командадан мықты тұлғаны əрі кəсіби шеберді
байқадыңыз ба? Оған ұзақ мерзімді мотивация
ұсыныңыз. Оны өзіңізбен бірге жұмыс істеуге жəне
мақсаттарға жетуге ынталандырыңыз.
Компания 
қызметкерлерді 
жаңа 
биіктерді
бағындыруға ынталандыратын, қанаттандыратын ресурс
болуы керек деп санаймын. Барлық адамда кейде
сəтсіздіктер болатыны, қандай да бір мақсаттар бірден
орындалмайтыны белгілі, кейде оған нарықтық жағдайлар
əсер етеді. Осы тұста 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет