Жалпы алғанда, біз бизнес-үдерісті əрбір қызметкерде
өзі дамытатын жəне жетілдіретін
бөлігі болатындай етіп
жасадық. Себебі компанияның бизнес үдерісін басынан
соңына дейін топ-менеджерлердің шектеулі тобы ғана
біледі, бұл бизнесті көшіру мен бəсекелестікке қарсы
қосымша қорғаныс ретінде қызмет етеді.
Сонымен қатар бүкіл
компания тиімді жұмыс істеуі
үшін бөлімдер арасында əріптестік құруға тырысамыз.
Жылына бір рет креативті қызметкерлердің біріне бір
күнді толықтай көршілес департаментте өткізуге
мүмкіндік береміз, бұл оның бірігуін жақсарту үшін
жасалады. Мысалы, кейде əзірлеушілер нарыққа не керек
екенін жете түсінбейді, ал
сатушылармен сөйлесіп,
клиенттердің қажеттіліктері туралы айқынырақ ақпарат
алып, жаңа шешімдер ұсынуға дайын болады. Немесе егер
өндірістік бөлім əзірлеушілер тарапынан жіберілген
қателіктің салдарынан өнімді
өндіруде қиындық тууда
десе, өндіріс департаментінде өткізілген жұмыс күнінен
кейін мамандар түйткілдердің себебін анықтап, оларды
болашақ жобаларда жібермеуге тырысады. Мұндай тəсіл
бізге бөлімшелер арасындағы мəселелерді
тиімді шешіп,
клиентке үздік өнімді ұсынуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: