мініп, ертеңіне таңертең кері ұшатынбыз. Түске дейін
биржаға оралып, түстен кейін бүкіл валютаны жаппай
сатып үлгеру керек болатын.
Ақша санайтын машинка болмаған кезде долларды
қолмен санап, алақанымызда «көк қағаз» бояуының ізі
қалатын.
«Қара
жұмыс
істемесек
те,
қолымыз
шахтердікіндей», – деп əзілдейтін едік. Көбінесе,
купюралардың жалған еместігін тексеретін аппараттар
болмайтын, сол кезде қолмен ұстап, көзбен көріп анықтай
беретін едік. Сол дəуірдің өлшемімен біз көп ақша тауып
жүрдік, қауіп-қатерден болатын күйзелісті би кештеріне
барып, тарқататынбыз. Қаладағы ең қымбат деген
орындарға баратынбыз. Мінекей, осындай аумалы-төкпелі
өмірді сүрдік.
Достарыңызбен бөлісу: