Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Түрлі саладағы бизнесмендермен жəне кəсіби



Pdf көрінісі
бет26/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Түрлі саладағы бизнесмендермен жəне кəсіби
шеберлермен тығыз араласып жүріп, сіз өзіңізге
табыстырақ болуға көмектесетін тəжірибе мен білімді
нағыз бизнес ортадан аласыз.
Бəлкім, тіпті өзіңізге жаңа
саладан жақсы кəсіп ашарсыз.
Күнделік жазуды бастаңыз. Ол сізді
жетістікке жетелейді
Менен «жетістікке жетуіңіздің сыры неде?» деп, жиі
сұрайды. Меніңше, 
ол жоспар құра білу мен күнделік
жазуда.
Өз күнделігімді мен алғаш рет мектеп жасында
жаздым. Он екі жастан бастап техникалық, физикалық
жəне басқа да мəліметтерді дамыту бойынша өз алдыма
мақсат қойдым, қосымша сабақтар арқылы осы
аспектілерде жетілдім. Мұнда мен жол картасын
жоспарладым, күтетін нəтижелерім туралы жаздым.
Бастапқыда бұл жай ғана жаттығулар бойынша күнделік
болатын. Бапкердің нұсқауымен өзіміздің жеңіске жету
стратегиямызды ойлап-тауып, қағазға түсіретінбіз. Сондай
жас кезімізден қарсыластың ақылынан асып түсуді
үйреніп, түрлі қимылдардың көмегімен ойыншыны бос
жерге шығарып, ол кедергісіз доп тастай алатындай
ерекше комбинацияны ойластыруымыз керек болды.
Бапкеріміз алдымен қолданыстағы базалық схемаларды
үйреніп, 
кейін 
солардың 
негізінде 
жаңаларын
ойластыртатын. Сөйтіп, біз білек сыбана алаңды, доп


салатын себетті, үш секундтық аймақты, өзіміздің
қозғалыстарымыздың 
траекторияларын 
сызатынбыз.
Барлық комбинацияларды алдын ала ойластырып, ойша
«ойнатқандықтан» мұның бəрі паркетте табысты нəтиже
көрсетуге көмектесті.
Жеке басыңызды дамыту барысын күнделікке
жазып отыруды əдетке айналдырыңыз. Сонда
мақсатыңызға қалай жекеніңізді байқамай қаласыз.
Бірінші болуымыз үшін (командамыздың ұранына
сəйкес) өз қимылдарымызды жоспарлауға үйреткен
бапкеріміз мақсатына жетті: біз қалай тиімді етсек деп
ұдайы ойланатын болдық, үнемі қарсыласты жеңудің жаңа
тəсілдерін іздеумен жүретін деңгейге жеттік. Мектептен
кейін өз қимылдарымызды жоспарлау жəне жүзеге асыру
əдетке айналып, бойымызға сіңіп кетті де, жеке күнделік
жазуға көштім. Онда өз жетістіктерімді, мақсаттарымды,
оларға қалай қол жеткізу керектігін жазып жүрдім.
Қазір де үнемі осы күнделік бойынша өмір сүріп,
бизнеспен айналысып жүрмін. Күнделікті жазбаларымда
ұдайы артығырақ бəсекеге қабілеттілікке ие болу үшін
қандай жаңа білімдер керектігін жоспарлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет