отырады. Тек жоғары білім алумен шектелетін заман өтті.
Қазір біз өзіміздің білім қорымызды ұдайы толтықтырып
отыруға міндеттіміз. Сіз кəсіпкерсіз бе
немесе қандай да
бір компанияда жұмыс істейсіз бе, ол маңызды емес. Егер
сіз мына əлемге көбірек білім мен біліктілік ұсынбасаңыз,
көш соңында қаласыз. Клиенттер əлдеқайда озық
бəсекелестерге кетіп қалады, қызметкер болсаңыз, сізді
мансап жолыңызда көтермелемейді. Тіпті, қысқартуға
ілігіп кетуіңіз мүмкін. Ұдайы даму – біздің заманымыздың
міндетті шартына айналды. Шетелде адамдар мұны жақсы
түсінеді.
Адамдар бір-бірінің жақсы қасиеттерін үйренгені
жөн жəне жетістікке жеткендердің тəжірибесін
меңгерген дұрыс.
1996 жылы ағылшын тілін меңгеру үшін Лондондағы
тіл
үйрететін
мектепке
барғанымда
курсты
тыңдаушылардың жас мөлшері мен мəртебелері мені
қатты таң қалдырды. Əртүрлі
елден жиналған, студенттік
жастан əлдеқашан өтіп кеткен, алайда, жаңа білім алу
үшін алға қадам басуын тоқтатпаған бизнесмендер, топ-
менеджерлер, төселген кəсіпкерлер тіл үйренді. Ол
адамдар ұдайы жетілудің маңызын түсінді.
Олармен
сөйлесу, əңгімелерін тыңдау, əлемде қандай жаңа
беталыстар барын білу, өзім үшін қандай да бір
қорытындылар жасау, бір ғанибет болды.
Мен
əрдайым
саналы
түрде
білімге
деген
құштарлығымды арттыруға тырысып келемін.
Адамдар
жиі семинарларға, третерге келеді де, мəн-жайды
түсінбейді, сұрақ қоймайды. Бір сабаққа екі адам қатысса,
біреуі жаңа идеялармен қанаттанып шығады, ал
екінші
біреуі босқа отырып кетеді. Егер мен белгілі бір курсқа
арналған уақыт ішінде барынша көп білім алғым келсе,
тындап, ден қойып, дəріскерден білмегенді сұрап, əңгімеге
тереңдеп, жаңа əлдене тауып отыру керек деп санаймын.
Бəлкім, басқа қызмет саласынан болсын,
табысты
адамдармен тілдесе отырып, болашақта өз жобаңызға, өз
бизнесіңізге керек мəлімет аларсыз.
Қазір бəрі қас пен көздің арасында өзгеруде, бір ғана
білім жеткіліксіз, көп салалар
бір-бірімен сабақтасып
жатады. Мысалы маркетинг пен əлеуметтік желілер
немесе медиа секілді.
Достарыңызбен бөлісу: